Жыл соңына дейін қала тұрғындарына арналған емхана іске қосылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жыл соңына дейін қала тұрғындарына арналған емхана іске қосылады

22.01.2025
0
Жыл соңына дейін қала тұрғындарына арналған емхана іске қосылады

Қосшы қаласында көпбейінді жаңа облыстық аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Емдеу мекемесі 350 орынға шақталған және Қосшы қаласы мен елорда маңындағы жеті өңірдің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Аурухана «Viamedis» компаниясының жеке инвестициялары есебінен салынып жатыр.

Жобаның жалпы жеке инвестиция көлемі 28 млрд теңгеден асады. Оның 17 млрд теңгесі құрылыс жұмыстарына, ал 9 млрд теңгеден астамы аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жаңа емдеу мекемесінің базасында ауысымына 1000 адам қабылдайтын емхана, сондай-ақ хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және химиотерапия бөлімшелері кіреді.

Аурухананың құрылысы екі бөлікке бөлінген – емхана және стационар. «Viamedis» ЖШС-нің бас директоры Әсет Ахметовтың айтуынша, негізгі құрылыс жұмыстары ақпан айының ортасына дейін аяқталады. Кейін 2025 жылдың мамыр айына дейін ғимараттың сырты мен аумағы абаттандырылатын болады.

«Жыл соңына дейін қала тұрғындарына арналған емхана іске қосылады. Жоба бойынша стационар 2026 жылдың соңында іске қосылуы тиіс еді. Бірақ қазір біз жоспарланаған мерзімнен келеміз. Сондықтан 2026 жылдың үшінші тоқсанында стационарды ашуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс материалдары бойынша жергілікті өндірушілермен жұмыс істеуге тырысамыз», – деді «Viamedis» ЖШС-нің бас директоры Әсет Ахметов.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарына екі жүзге жуық адам тартылған. Олардың қатарында «Viamedis» ЖШС-нің электригі Бахтияр Ыбырайұлы да бар.

«Қазіргі кезде бетон плиталарды жылыту және біріктіру жұмыстарын атқарудамыз. Біз қаншалықты маңызды нысан салып жатқанымызды түсінеміз. Себебі аурухананы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салып жатырмыз. Сонымен қатар, 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы. Сондықтан жаңа нысан сапалы салынуы керек», – деді Бахтияр Ыбырайұлы.

Еске сала кетсек, көпбейінді жаңа аурухана мен емхана салу туралы шешім 2024 жылдың маусым айында қабылданған болатын. Сол кезде Ақмола облысы әкімдігі мен «Viamedis» компаниясы арасында меморандумға қол қойылған еді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қатаң сүзгінің жоқтығынан қазақтың көркем де шұрайлы тілі күйреп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.