Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Ақша бопсалаған екі блогер қылмыс үстінде ұсталды

Алматылық полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді қамауға алды, – деп хабарлайды Altyalash.kz. Aikyn.kz.-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

admin_altyalash

Бағдарламаға ұлттық хореографиялық қойылымдар мен аспаптық музыка енген

admin_altyalash

Қазақстан құрамасы үш жас санаты бойынша рекордтық нәтиже көрсетті

admin_altyalash