Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екендігі атап өтілді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екендігі атап өтілді

24.01.2025
0
Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екендігі атап өтілді

2025 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.

Конференцияның мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының
30 жылдық тәжірибесін талқылап, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолдарын, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен перспективаларды айқындап, бірлік пен ынтымақтастық саясатын дамыту жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары А.Щегорцова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ахмед-Заки, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Ниязова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Керімбек, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚР ҒБМ Мемлекет тарихы институтының директоры Н.Пұсырманов, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Э.Масагутова, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Т.Қалиев, сондай-ақ Ұлттық Құрылтайдың, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік (Т.Дронзина (Болгария), А.Вежбицки (Польша), Р.Усманов (Ресей), К.Сабиров (Өзбекстан) ғалым–сарапшылар, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екендігі атап өтілді. Сондай-ақ онда ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды одан әрі ілгерілету және этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы озық тәсілдерді енгізу бойынша күш-жігерді күшейту мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретіні баса айтылды.

Конференцияға қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету және ағартушылық қызметті жандандыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, онда қатысушылар алдағы жұмыстың бірқатар негізгі бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ мемлекеттік этносаясатты ғылыми және қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен қоғамның өзара іс-қимылын кеңейту курсы белгіленді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейлі жылында этносаралық қатынас құралы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиация тәжірибесін кеңінен енгізу және басқа елдермен тәжірибе алмасу үшін этносаясат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды тезистер айтылды.

Конференция барысында Ассамблеяның 30 жылдық тарихына арналған көшпелі архивтік құжаттардың, кітаптардың, этностық газеттер мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстанның этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы бірегей тәжірибесін талқылауға өз үлесін қосты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сақ болыңыз және күмәнді ұсыныстарға алданбаңыз

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.