Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады

24.01.2025
0
Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады

1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл ауыл шаруашылығының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға және осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік береді. 

Өткен жылы пилоттық ауылшаруашылығы санағы толыққанды санақ басталғанға дейін, ықтимал кедергілер мен проблемалық аймақтарды алдын-ала анықтау үшін жекелеген елді мекендерде тәжірибе ретінде сыналды. Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық статистика бюросының төрағасы Мақсат Тұрлыбаев пилоттық санақтың нәтижесі мен толыққанды санақ басталғанға дейін шешілуі тиіс міндеттер туралы хабарлады.

Былтыр пилоттық санақ 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіліп, 54 елді мекенді қамтыды. Сауалнамаға 32,4 мың үй шаруашылығы қатысты, олардың 27,1 мыңы сауалнамаға алынды, бұл жалпы санның 83,5%-ын құрады. Онлайн сауалнамаға 18,6 мың респондент, оның ішінде 13,3 мың ұйымдасқан шаруашылық және 5,3 мың үй шаруашылығы қатысты. Пилоттық жоба барлығы 45,7 мың респондентті қамтыды.

«Үй шаруашылықтарының шамамен 2%-ы сауалнамаға қатысудан бас тартты. Сауалнамаға қатыспаған нысандардың 36%-ы қараусыз қалған үйлер немесе игерілмеген саяжайлар, ал 5%-ы адам тұруға арналмаған ғимараттар болып шықты», — деді Мақсат Тұрлыбаев.

Пилоттық санақ шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі ақпараттық жүйелерінен және ауыл шаруашылығы техникасы тіркелімінен әкімшілік деректер интеграцияланды, ауыл шаруашылығы құрылымдарына СМС-тарату жүргізілді.

«Пилоттық ауыл шаруашылығы санағының оң нәтижесі ретінде әкімдіктердің санақты ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысуын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің санаққа қатысуға жоғары дайындығын және халықтың онлайн-сауалнамаға қатысуының айтарлықтай деңгейін атап өткен жөн. Сонымен қатар қалалық және саяжай аймақтарында сауалнама жүргізудің қиындықтары, интервьюерлерді қажетті материалдармен және құралдармен жабдықтаудың жеткіліксіздігі және жалған ақпарат тарату мәселелері анықталды. Бұл қиындықтар алдын ала болжанды және қазір біз оларды шешу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, — деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.

Жиында қатысушылар респонденттердің бастапқы деректерін жинау және өңдеу, сауалнамалар жасау, интервьюерлерді жалдау, МО БКО арқылы ауылдық және кенттік округтер әкімдіктерінің ҰСБ ақпараттық жүйесіне және басқаға қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағына толыққанды дайындалу үшін қажетті тапсырмалар берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.