Нарықты картоппен қамту және бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нарықты картоппен қамту және бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды

24.01.2025
0
Нарықты картоппен қамту және бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктер, сауда желілері мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілдерімен жиын өткізді. Жиында нарықты картоппен қамту және бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды.

Айжан Бижанованың айтуынша, еліміздегі ірі сауда желілері, оның ішінде «Магнум», «Смолл», «Анвар» және «Дина», фермерлерден тікелей 1,5 мың тонна картоп сатып алу бойынша келісімшарт жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, сауда желілері өнімді шаруашылықтан өздері алып кетуге дайын.

«Әкімдіктер өздерінің қажеттіліктерін, соның ішінде сауда желілеріне арналған көлемдерді көрсетуі қажет, бұл нарықтағы сұранысты жылдам қанағаттандыру үшін маңызды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен сауда нүктелері арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды», – деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі.

Сондай-ақ ол азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды зерттейтін өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен бірге, бірінші вице-министр фермерлермен жұмыс жүргізуді, картоп пен басқа да өнімдердің көтерме бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Айта кету керек, биылғы жылы Сауда комитетінің өңірлік департаменттері 20 өңірлік комиссия өткізіп, оның нәтижесінде 49 заңбұзушылық анықталды. Олардың арасында картоптың әлеуметтік маңызы бар өнім ретінде сауда үстемесін 15%-дан арттыру фактілері тіркелді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жұмысшы мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда қалта ұрылары ұсталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.