Бұл жоба тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұл жоба тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болады

27.01.2025
0
Бұл жоба тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болады

Бүгін Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аlarko Holding» компаниясы өкілдері, Шымкент қаласының әкімдігі арасында «Alsera KZ» ЖШС-мен инвестиция тарту туралы келісімге қол қойылды. Бұл «Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Келіссөздерге сондай-ақ Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің және «Қазақ Инвест» ҰК өкілдері қатысты.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Түркия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Бүгінге дейін өнімді қайта өңдеу және озық технологияларды енгізу бойынша бірқатар ірі бірлескен жобалар іске асырылды. Түрік компаниялары астық өңдеуге, ет-сүт өнеркәсібіне, жылыжай шаруашылығын дамытуға және суару жүйесіне белсенді инвестиция салуда.

Бүгін «Alsera KZ» компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойдық. Келісімде көзделген ұзақмерзімді міндеттемелер жобаның 25 жылға тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Түрік инвесторымен, «Alarko Holding» бас компаниясымен бірлескен жұмысты ҚР АШМ 2023 жылғы тамызда өзара Ынтымақтастық туралы Меморандумға және Жол картасына қол қоюмен бастаған еді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігі мен компания арасында меморандумға қол қойылды.

Келісімшарт Шымкентте жылыжай кешенін салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыруда өзара іс-қимылды көздейді.

Кешен жылына 155 мың тонна қызанақ өсіруге қауқарлы. Жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады және жоспар бойынша 2028 жылы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 5000-ға дейін жұмыс орны құрылады.

Жобаның жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайды. Қаржы 100 пайыз шетелдік инвестор есебінен.

Мемлекет тарапынан салықтық преференциялар мен қажетті инфрақұрылымды дамыту арқылы инвесторларға жан-жақты қолдау шаралары қарастырылады.

Сондай-ақ, министр жобаның әлеуметтік бағытын атап өтті. Инвестор әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, балалар алаңдарын, балабақшаларды салуды, аумақтарды көгалдандыруды бастауды жоспарлап отыр.

«Бұл жоба тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болады. Сонымен қатар АӨК-ке одан әрі инвестиция тарту үшін жаңа көкжиектер ашуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық – тәжірибе алмасу, технологиялар мен аграрлық саладағы тауар айналымын ұлғайтуға жол ашады. Бірлескен күш-жігер екі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенім мол», – деп атап өтті министр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біздің басты міндетіміз – аудандық желілердің сенімді және сапалы жұмысын қамтамасыз ету

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан конькишілері қола жүлдені жеңіп алды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.