Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Оқушылар мен волонтерлер кәсіпорын жұмысымен танысты

Елордалық оқушылар мен волонтерлер №1 Индустриалдық паркте орналасқан Metal Former шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауытқа барып, кәсіпорын жұмысымен танысты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті мамандықтармен таныстыру және техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Metal Former зауытының өндіріс директоры Әділет Беркінбаевтің сөзінше, зауыт «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға атсалысып жатыр.

«Біздің зауыт – республикадағы қасбет материалдарын өндіретін алғашқы кәсіпорын. 2023 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен ашылу салтанаты өтті. Қазіргі таңда зауытта 110 адам жұмыс істейді. Біздің басты бағытымыз – үйлердің сыртын қаптайтын және төбесін жабатын құрылыс материалдарын өндіру. Сонымен қатар біз «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, еліміз бойынша құрылысы жоспарланған 82 мектептің сыртын қаптайтын материал дайындаудамыз», – деді Әділет Беркінбаев.

Экскурсия барысында оқушылар мен волонтерлер зауыттың заманауи технологиялық процестерімен танысып, кәсіпорын мамандарына сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы кәсіпкерлері Үкіметке өз ұсыныстарын жеткізді

admin_altyalash

Шымкентте 22 адамнан тұратын радикал-экстремистік ұйым анықталды

admin_altyalash

Атырау облысында жер заңнамасын бұзу фактілерінің жолы кесілді

admin_altyalash