Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді

03.02.2025
0
Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді

Елдің көкейінде жүрген, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан, Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді.  Бұл туралы Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев айтты.

«2024 жылы бұл жолдың 15 шақырымы жасалынды, қалған 74 шақырымына қаражат бөлініп, «Қазавтожол» мекемесі көктем шыға жөндеу жұмыстарына кіріседі»,-дейді аудан басшысы Берік Фатықұлы.

Биылғы жылы нарынқолдықтар үшін ақжолтай жаңалыққа толы болмақ. Аудан әкімі тұралап келе жатқан мәселелер шешімін табады, дейді. Мәселен, 2025 жылы Райымбек ауданы толқытай орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.

Өңірде 20 елді мекен мен 11 ауылдық округ бар. Бүгінгі таңда Қарасаз және Шалкөде ауылдарына су тарту жұмыстары қолға алынып, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспар жүзеге асса, Райымбек ауданында ауыз суға қатысты мәселе туындамайтын болады. Еске саламыз, былтыр , Тұзкөл, Тегістік, Көкбел ауылдарының ауыз су жүйелері қолданысқа өткен еді.

Баспасөз мәслихаты барысында аудан басшысы Берік Дүйсенбаев халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту үшін, аймақта бағаны тұрақтандыруға қатысты біршама жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қуантарлығы, аграрлы өңірде ұн бағасы нарықтан 3-4 мың теңгеге арзан. Оның себебі, екі бірдей кәсіпорын ұнды арзан бағаға сатуымен байланысты.

«Егін шаруашылығымен айналысатын «Райымбек НАН» ЖШС мен «Алтын Дән» ЖШС-і аудан тұрғындарына арзан бағада ұн сатуда. Бұл нарық бағасынан 3-4 мың теңгеге арзан және халыққа тиімді»,-дейді Берік Дүйсенбаев.

Алдағы уақытта Нарынқолда арнайы азық-түлік дүкені ашылады. Ол үшін орында қарастырылып қойған. Алға қойған мақсаттар орындалса,  өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қалтаға ауырлық салмайды деген ойда, аудан әкімі Берік Фатықұлы.

Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіру 10,1%-ға, сиыр сүтін өндіру 4,5%-ға өсті.

2024 жылы Райымбек ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 42% ға артып,  944,5 млн. теңгеге жеткен болатын. Тауар айналымыда айтарлықтай өсіп,  нақты индекстің көлемі 110,2  пайыздық көрсеткішті көрсетуде. Тіпті, ауданға тартылған инвестиция көлеміде жоғарылаған. Жалпы құны  10 млрд. 52,4 млн. теңгеге жеткен жайы бар.

Самал Асқар

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ғалымдар атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтатын сүзгілер жасайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.