Кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясына әр адам өз үлесін қоса алады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясына әр адам өз үлесін қоса алады

04.02.2025
0
Кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясына әр адам өз үлесін қоса алады
 фото: скрин
Жобаны танымал блогер-журналист Санат Ілияс және Жаңабике Қабылда жүргізеді.

Әлеуметтік желіде отандық және шетелдік шығармаларды насихаттауға бағытталған «Бірге кітап оқиық!» жобасы басталды. Жоба Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романынан басталды.

Жобаны танымал блогер-журналист Санат Ілияс және Жаңабике Қабылда жүргізеді. Олар отбасымен бірге кітап оқып, оқырмандарды осы үрдіске қосылуға шақырады.

Әр он күн сайын келесі оқылатын кітап жарияланып, күн сайын оның оқу барысы мен талқылануы YouTube платформасында, TikTok, Instagram желілерінде шығып отырады. Соңында кітап авторымен немесе белгілі жазушы-публицистпен не болмаса кітаптағы кейіпкермен тағдырлас адаммен сұхбат ұйымдастырылады.

Жобаның мақсаты еліміздің және шетелдік жазушылардың туындыларын халық арасында кеңінен насихаттау және жаппай кітап оқитын ұлтқа айналдыру. Сондай-ақ ата-аналарды балаларымен бірге кітап оқуға шақырып, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру. Балалар мен жасөспірімдердің арасындағы кітап оқуға қызығушылықты бәсекеге айналдыру.

Жобаның алғашқы қатысушысы ҚР Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли. Ол өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы кітапты көп оқитынын және Мемлекет басшысының жаппай кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясына әр адам өз үлесін қосу керек екендігін айтты.

Берік Уәлиұлы келесі оқылатын туындыға Бауыржан Момышұлы атамыздың «Ұшқан ұя» романын таңдады. Ал «Бірге кітап оқиық!» аманатын одан әрі жалғастырып келесі шығарманы анықтауды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ханымға ұсынды.

Жоба ережесі:

1. Жобаға қатысушы әлеуметтік желі арқылы халық арасында он күн бойы талқыланған (өзіне ұсынылып отырған) шығармадан үзінді келтіреді.

2. Ұнаған кейіпкері туралы өз ойын айтады.

3. Келесі оқылатын кітапты анықтайды.

4. Келесі оқылатын кітаптың 10 данасын жүргізушілерге сыйға тартады. (Бұл кітаптар сұрақ-жауап жеңімпаздарына тарту етіледі).

5. Ол туындыдан кейін оқылатын шығарманы анықтау үшін «Бірге кітап оқиық!» аманатын келесі адамға ұсынады.

6. Әріптестеріне осы оқылатын кітап жөнінде өз пікірлерін әлеуметтік желіде білдіруге кеңес береді.

Жоба халықты игі бастама аясында біріктіреді және #БіргеКітапОқиық аманатын әрбір азамат орындап, өз үлесін қоса алады.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа бағдарламаның шарты бөлек

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.