Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Таразда жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері сотталды

Сурет: migrant.kg

 Таразда жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері сотталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Тараз қалалық №2 соты шешім шығарған.

“Екі алаяқ тұрғындарға Ұлыбритания фермаларына жұмысқа орналасу үшін құжаттар мен виза алып береміз деп уәде берген. 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін қылмыскерлер 31 миллион теңгеден астам сомаға 76 адамды алдаған. Зардап шеккендердің ешқайсысы жұмыс орындарына орналаспаған. Сот күдіктілерді кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Оларға жұмысқа орналасуға байланысты кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда қызметпен айналысуға 3 жылға тыйым салынады”, –  делінген сот хабарламасында.

Сот күдіктілерге қатысты бір жағдайда дәлелдемелердің жоқтығынан растап, тағы тоғыз арызды негізсіз деп қабылдамаған. Қалған 66 жәбірленушіге алаяқтардың ақшаны қайтаруы міндеттелген.

Реклама на qaz365.kz

Реклама

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады

admin_altyalash

Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс

admin_altyalash

Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған.

admin_altyalash