Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі белгілі болды

Сурет: time.kz
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің орны мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Altyalash.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы белгілі инсайдер Майкл Копинджер ақпарат таратты.

Отандасымыз (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (13-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Qazaq Style «Барыс Аренада» өтетін жекпе-жекте WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.

Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан. Отандасымыз WBO чемпиондық атағын бесінші рет, IBF белбеуін екінші рет қорғайды.

Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген боксшы. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

admin_altyalash

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

admin_altyalash

«Абайға құрмет» акциясы: Қанат Бозымбаев Абай облысындағы әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылыс барысын тексерді

admin_altyalash