Қазақстаннан қатысқан жалғыз фотограф Әнел Базылова үздік атанды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстаннан қатысқан жалғыз фотограф Әнел Базылова үздік атанды

06.02.2025
0
Қазақстаннан қатысқан жалғыз фотограф Әнел Базылова үздік атанды

Фото: istockphoto.com/ru

Қазақстандық Әнел Базылованың жұмысы  Sony World Photography Awards  беделді халықаралық байқауында  National & Regional Awards санаты бойынша жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты. Байқауға 56 елдің фотографы қатысты, 419 мың жұмыстың ішінен ең үздіктері іріктелді. Қазақстаннан қатысқан жалғыз фотограф Әнел Базылова үздік атанды.

Жеңімпаздардың еңбегі Лондонда 17 сәуірден 5 мамырға дейін өтетін көрмеге қойылмақ. Әнелдің жұмысы өз бастамасымен іске асқан «Өмір сүр!» фотожобасы аясында түсірілген. Жобада автор камера объективі арқылы сирек кездесетін генетикалық ауруларға шалдыққан және онкологиялық диагноз қойылған әйелдер туралы сыр шертеді.

Суретте «Өмір сүр!» жобасының алғашқы кейіпкері – Динара Иса. Динараға сүйек тіндері зақымдалуымен сипатталатын “Горхем ауруы” деген сирек диагноз қойылған, оны басқаша «фантомдық сүйек» деп те атайды. Қазылар алқасы мүшелерінің Динараның болашаққа сеніммен, қасқайып қарап тұрған фотосуретті таңдағаны символдық мәнге ие.

«Өмір сүр!» жобасы – ауыр диагнозы бар әйелдерге сыртқы әлемнен тығылып, жабылмауға және өз ауруымен бетпе-бет жалғыз қалмауға көмектесу, сондай-ақ басқа жандарды өсектеу мен сөгуден жасқанбай, өз диагнозы туралы ашық  айтуға ынталандыру мақсатында құрылды. Өйткені біздің қоғамда көптеген адам үшін қатерлі ісік және басқа аурулар туралы айту – әлі де бір табу деңгейінде», – дейді Әнел Базылова.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біз инклюзивті және арнайы білім беруді дамытуды жалғастырамыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.