Стационарлық емес сауда нысандарын жаппай бөлшектеу жұмыстары басталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Стационарлық емес сауда нысандарын жаппай бөлшектеу жұмыстары басталды

06.02.2025
0
Стационарлық емес сауда нысандарын жаппай бөлшектеу жұмыстары басталды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша стихиялық саудаға қарсы күрес және мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (бұдан әрі – ССН) жою мақсатында қаланың кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын жаппай бөлшектеу жұмыстарын бастады. Қаланың барлық аудандарында арнайы жұмыс комиссиялары құрылды, олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестің және ҚР «Атамекен» ҰКП мүшелері кірді.

Екі күн ішінде 21 заңсыз нысан бөлшектелген. Мәселен, Әуезов ауданында Абай даңғылының бойындағы 4-шағынауданда 2 сауда нүктесі бөлшектелді, олар кондитерлік өнімдер мен көше тағамдарын сатумен айналысқан. Бұл ретте объектілер сумен жабдықтауға және су бұруға қолжеткізе алмаған әрі электр желілеріне рұқсат құжаттарынсыз  өздері  қосылған.

Көкжиек шағынауданында көкөністер мен нан өнімдерін сатумен айналысқан заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нүктелері де бөлшектелді. Оның айналасы абаттандырылмаған, бұл жергілікті тұрғындарға қолайсыздық тудырды.

Көптеген кәсіпкерлер мен тұрғындар мұндай шараларды қолдап, барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін атап өтті. Әуезов ауданының тұрғыны Лариса Мерғалиева заңсыз сауда нысандарын бұзуды қолдайтынын атап өтті. «Заңсыз сауда нүктелерінің инженерлік желілерге қосылуға заңды негізі жоқ, кейбіреулерінде тіпті су жоқ. Бұл сатудың санитарлық жағдайына да әсер етеді. Олар заңсыз жұмыс істейтіндіктен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудан да тыс қалған әрі бұл да қауіпті. Сондықтан мұндай нысандарды бұзу керек», – деді ол.

Кәсіпкерлер сондай-ақ қызметті заңды негізде жүзеге асыру қажет деп санайды. «Қалада өркениетті, заңды сауданы ұйымдастыру мәселесі баяғыда баяғыдан бері айтылып келеді. Сондықтан қазір осы бағытта қажетті шараларды қабылдай бастағанымыз жақсы. Алматы-еліміздегі ең ірі сауда орталықтарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, мегаполистегі барлық сауда нүктелерінің заң бойынша барлық талаптарды орындай отырып, тек заңды негізде жұмыс істеуі маңызды», – деп атап өтті кәсіпкер Мөлдір Жұмашева.

Бөлшектеу процесінде инженерлік коммуникациялық желілерден, электр және сумен жабдықтаудан ажырату көзделген. Қалалық Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп, бөлшектеу орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Еске салсақ, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 «Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы» Қаулысына сәйкес қалада 157 стационарлық емес саудан нысандарын орналастыру үшін 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда нысандарында заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының сауда бөліміне 390 21 30 телефоны бойынша жүгіне алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұялы телефонға кез келген бағдарламаларды орната берудің қажеті жоқ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.