Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025
0
Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

“Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу керек. Оның мәні мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғандығында”, – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері әзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды және түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды.

Цифрлық трансформацияның негізгі құралдарының бірі бизнес-процестерді қайта құру болды. 1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нәтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды, бұл олардың орындалу мерзімін орта есеппен 45%-ке қысқартуға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 98 процестің реинжинирингі қызмет көрсету мерзімінің 55%-ке қысқаруына әкелді. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде бұл көрсеткіш сәйкесінше 55% және 85%-ды құрады.

Жылдың басты жетістігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру болды. БҰҰ деректеріне сәйкес, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша топ-10 елдің қатарына кіріп, цифрландыру деңгейі бойынша 193 мемлекеттің ішінде 24-ші орынды иеленді.

Бүгінгі таңда халықтың 93%-тен астамы eGov порталы арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізе алады. Мемлекеттік қызметтердің 90,8%-і смартфондар арқылы қолжетімді. Биометриялық сәйкестендіру мен QR-қолтаңбаларды енгізу электрондық қызметтерді алу процесін жеңілдетті — бір жыл ішінде қазақстандықтар QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойды.

Қазақстандағы цифрлық трансформация мемлекеттік қызметтерді неғұрлым қолайлы, қолжетімді және тиімді етуге бағытталған.

Қазақстандықтар үшін нақты пайдасын көрсеткен бірнеше цифрлық шешімдерге тоқталғымыз келеді.

Азаматтардың өмірін жақсартқан цифрлық шешімдердің мысалдары:

• Сандық әскери билет қағаз құжаттарын толығымен ауыстырды.

• Балабақшаларға онлайн тіркелу ваучерлік қаржыландыру жүйесінің арқасында процесті ашық етті.

• “Еуропалық хаттаманы” енгізу сақтандыру төлемдерін алу мерзімін 40 күннен 5 күнге дейін қысқартып, полицияның қатысуынсыз ЖКА ресімдеуге мүмкіндік берді.

• Атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру азаматтарға қаржылық жүктемені азайта отырып, жеке сот орындаушыларының қатысуын болдырмады.

• Цифрландыру балабақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындары мен жатақханаларға түсуді жеңілдетті, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және тіркеу қызметтеріндегі процестерді оңтайландырды.

2025 жылы 44 мемлекеттік қызметтің мерзімін қысқарту, 20 мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыру, сондай-ақ 35 мемлекеттік қызметті трансформациялау жоспарланған.

Цифрлық трансформацияның нәтижелері бүгінде миллиондаған қазақстандықтар үшін айқын. Әрбір жоба мемлекеттік қызметтердің ыңғайлылығын, ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Цифрландыру деңгейін арттыру білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсартады, оларды ыңғайлы және әділ етеді. Қазір көптеген мемлекеттік қызмет онлайн-форматта, кезексіз және қосымша бюрократиялық рәсімдерсіз қолжетімді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Білім ордасы спорт, акт залдарымен, асхана, кітапханамен және жекелеген пәндік кабинеттермен жабдықталған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Этносаралық араздықты қоздыру фактілерін болдырмау үшін жауапкершілікті күшейту керек

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.