Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы ұлғаяды

2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары аясында 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

Сондай-ақ егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі Жол картасын іске асыру жалғасады. Бағдарлама майлы дақылдардың көлемін 365 мың гектарға ұлғайтуды қоса алғанда, жоғары тиімділікті дақылдарға баса назар аудара отырып, шамамен 1 млн гектарды қамтиды.

Бидайға тәуелділікті төмендету маңызды қадам болып қала береді: екі жыл ішінде оның алаңы 730 мың гектарға қысқарды. Зығыр мен рапс бағасы тоннасына 200 мың теңгеге жеткенде, нарықта сұранысы жоғары майлы және бұршақ дақылдарына баса мән берілді.

«Бұл АӨК табыстылығын арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымын жақсартуға мүмкіндік береді», — деді АШМ басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

В Казахстане приступил к работе Информационный штаб независимых наблюдателей

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны сенімді жеңісімен құттықтады

admin_altyalash

Тіл саясаты ұлттық бірлікті нығайтуда, мәдениетті дамытуда және халық ерекшелігін сақтауда шешуші рөл атқарады

admin_altyalash