Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде

11.02.2025
0
Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су шаруашылығының жағдайын және су тасқынының алдын алу жұмыстарын тексерді.
Мемлекет басшысының Жолдауында ирригация жүйелері, жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны диқандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту тапсырылғаны белгілі. Бұл бағытта облыста бірқатар жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда, Үкімет қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» Қызылорда облысын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған 112 жоба енгізілді.
Олар аймақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізеді.
Кешенді жоспарға енгізілген жобалар ішіндегі «Қараөзек» су қоймасын салуды Ислам Даму банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Бұл 31 мың гектар суармалы, 120 мың гектар шабындық пен жайылымдық жерді және вегетациялық кезеңде Арал теңізін суландыруға мүмкіндік береді.
«Келінтөбе» магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 6,1 шақырым айналма канал қазылды. Сағасына гидротехникалық құрылыс салу қажеттілігі туындауына байланысты жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін өтінім ұсынылды.
Жоба іске асқанда, Жаңақорған ауданының 30 мың гектар егістік жерін вегетациялық кезеңде суландыруға мүмкіндік береді.
Су үнемдейтін технологияны енгізуді 2028 жылға дейін 24,2 мың гектарға жеткізу (2024 ж. – 4,4 мың гектар, 2025 ж. – 9,2 мың гектар, 2026 ж. -14,2 мың гектар, 2027 ж. – 19,2 мың гектар, 2028 ж. – 24,2 мың гектар) көзделген.
Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4,4 мың гектарға жеткізіліп, 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артты.
Күріш шаруашылығында су үнемдеудің бірден-бір жолы – егістікті лазерлік тегістеу. Өткен жылы күріш егістігінің 55 мың гектарына лазерлік тегістеу жүргізілсе, алдағы 5 жылда 72 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, өткен жылы «Арна» мекемесінің теңгеріміндегі 107 су нысанына, 1 қорғаныс бөгеті және 69 канал бойындағы гидротехникалық құрылыстарға ағымдағы ұстап тұру жұмыстары жүргізілді.
Биыл 5 каналды тазалау жоспарлануда.
Сол сияқты, «Көлтоған» су қоймасының апаттық жағдайының уақытша алдын алу және «Ақүйік» ауылдық округі тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету үшін «Арна» мекемесі арқылы су беретін каналды тазалау, дамбысын көтеру, су тоспаларын жөндеу, қойманың бөгетін уақытша қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
Аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, су тасқынының алдын алу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек екенін ескертті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Болашақ – саналы ұрпақтың қолында

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекеттің ар-намысы әр азаматының ұяты мен ожданына ай­на­луы керек

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.