Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтар беделін арттыру – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтар беделін арттыру

11.02.2025
0
Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтар беделін арттыру

Елордада «Жұмысшы мамандықтары қаласы» атты фестиваль ашылды. Шара болашақ мамандар, жұмыс берушілер және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтатын алаң болмақ. Ашылу салтанатына ҚР Премьер–министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.      

Фестиваль қатысушылары алдында сөз алған вице-премьер Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» шеңберінде ауқымды жоспар қабылданғанын атап өтті. Колледждер әлеуетін көтеру үшін техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау жұмысы басталғанына мән берді.

«Заманауи қалашықта жастар қазіргі уақытта немесе келешекте еңбек нарығынан өз орнын табу үшін қандай дағдыны меңгеруі керек, қандай салада сұраныс көп әрі қайсысына икемі барын көре алады. Ол үшін еліміздің ірі кәсіпорындары ерекше үлгідегі көрмені ұйымдастырып отыр. Жұмысшы мамандықтары қаласы – жұмыс берушілер мен келешек еңбеккерлер мүдделерінің тоғысқан аумағы», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, жұмысшы мамандықтары қаласы фестивалі 5 күнге жоспарланған. Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтар беделін арттыру, экономикада сұранысқа ие мамандықтарды танымал ету, жастар арасында кәсіптік бағдар беруді дамыту, жұмыс берушілердің қызметкерлерді оқытуға және қолдауға ат салысуын ынталандыру.

Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесу алаңына айналады. Бірегей формат келушілерге арнайы құрылғылар мен интерактивті платформалардың көмегімен әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерімен танысуға және экономиканың әртүрлі салаларында өздерін сынауға мүмкіндік береді.

«Жұмысшы мамандықтары қаласының» қонақтарына арнайы тақырыптық көшелер: тау-кен металлургия, машина жасаушылар мен көлік саласы қызметкерлері көшесі, ауыл және су шаруашылығы қызметкерлері көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және басқалары салынды.

Бірнеше күн ішінде түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесері, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары және тағы басқа іс-шаралар өтеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Премьер-министр көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.