Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Біздің жобамыз заманауи технологиялардың баспананы қалай жайлы әрі қауіпсіз ететінін көрсетеді

Жұмысшы мамандықтар қаласында Алматы құрылыс колледжінің студенттері Arduino технологиясымен әзірлеген инновациялық «Ақылды үйдің» макетін ұсынды.

Автоматтандыру жүйесінде уақытқа қарай шамның жанып-сөнуін реттейтін интеллектуалды жарық сенсорлары, сондай-ақ дамыған қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Мұнда қозғалыс PIR-датчиктері, газ және түтін сенсорлары бар, олар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алады. Ал температураны өлшейтін және ылғалдық сенсорлары желдету мен жылыту жүйесінің жұмысын автоматты түрде реттеп, жайлы микроклиматты қамтамасыз етеді.
«Ақылды үйдің» барлық функцияларын Bluetooth және Wi-Fi арқылы смартфоннан қашықтан басқаруға болады. Қауіп төнген жағдайда, мәселен, газ немесе түтін шыққан кезде жүйе дереу хабарлама жібереді, ал зуммерлер мен LCD-дисплейлер қауіп туралы ескертеді.
«Біздің жобамыз заманауи технологиялардың баспананы қалай жайлы әрі қауіпсіз ететінін көрсетеді. Мысалы, газдың шығуын жүйе бірден анықтап, иесіне хабарлама жібереді», — дейді колледж студенті Ғаббас Баязитов.

Жүйенің барлық элементтерін студенттер өздері құрастырып, бағдарламалаған. «Ақылды үйді» басқаруға арналған мобильді қосымша Play Market пен App Store қосымшаларында қолжетімді. Бұл жоба осындай технологияларды тұрғын үйлерге қоюдың нақты перспективаларын көрсетіп, олардың энергия тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркияның оңтүстік-шығысында жаппай тәртіпсіздік орнады

admin_altyalash

ЕЛІМІЗДЕ ӘДЕБИ КЛУБТАР АШЫЛАДЫ

admin_altyalash

Бейбіт Исабаев: Диорит өндіру толығымен тоқтатылды, Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды

admin_altyalash