Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды

12.02.2025
0
Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды

11 ақпан күні Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің жаңа құрамымен кездесу өткізді.

Биыл Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды. Оған кино, әдебиет, мәдениет саласындағы мамандар, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары кірді.

Кездесудің негізгі тақырыбы киножобаларды конкурстық іріктеу ережелерін талқылау болды.

Министр Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сараптама кеңесі мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Өткен жылы қабылданған іріктеу конкурсының ережелеріндегі өзгерістер іріктеудің ашық әрі жеңіл өтуіне бағытталғанын да атап өткен жөн.

Жаңа ережелерге сәйкес, іріктеу екі кезеңге бөлінген. Бұл өзгеріс Қазақстандағы кино өнерінің дамуына жаңа серпін береді.

Бірінші кезеңде сараптама кеңесі тек сценарийлер мен сценарий жоспарларын саралайды. Бірінші кезеңнен сәтті өткеннен кейін таңдалған сценарийлердің авторлары екінші кезеңде құжаттардың толық пакетін ұсынуы керек. Үміткерлер қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін анықталған қателерді түзетуге үш күн уақыт беріледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң, Орталық сараптама кеңесінің қарауына өтінім жібереді. Содан кейін питчинг күні белгіленеді.

«Кеңес мүшелері жауапкершілікті терең сезініп, конкурстың барлық кезеңдерінде әділ шешім шығарып, ашық конкурс өткізуге тиіс. Киножобалардың белгіленген талаптарға сәйкес болуына баса назар аударылады. Бұл шаралар отандық кино саласын дамытуға, сондай-ақ ұлттық мүдде мен идеологияға сай келетін жобалар санын арттыруға көмектеседі», – деп атап өтті Аида Балаева.

2025 жылы «ұлттық құндылықтар», «отбасы», «қоршаған ортаны қорғау», «заң мен тәртіп», «тарихи елеулі оқиғалар», «дос қадірі», «әйел құқығы, бала қауіпсіздігі»,«қазіргі заманның қаһармандары», «ел бірлігі» және т.б. басым тақырыптарда киножобалар дайындауға болады.

2025 жылы Министрліктің және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм жарық көреді. Биыл «Капитан Байтасов», лудомания тақырыбын қозғайтын «Игроманка» атты драма, футбол туралы «90+1» спорттық драмасы, сондай-ақ «Күзгі самал», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Хош иісті жүрек» және «Авель» фильмдері жарыққа шығады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтар беделін арттыру

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Біздің жобамыз заманауи технологиялардың баспананы қалай жайлы әрі қауіпсіз ететінін көрсетеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.