Реновация бағдарламасын іске асыру – өңірдегі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қараша 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Реновация бағдарламасын іске асыру – өңірдегі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам

12.02.2025
0
Реновация бағдарламасын іске асыру – өңірдегі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам

Щучинскте әлеуметтік осал топ өкілдеріне 40 пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Циалковский көшесі, 13 үй мекенжайында орналасқан 8 пәтерлі тұрғын үй 1924 жылы салынған. Ескірген ғимараттың меншік иелері 2022 жылдың қыркүйегінде Бурабай ауданының әкімдігіне жүгініп, баспананың апатты жағдайда екенін мәлімдеді.

Сараптама жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы ғимарат апатты деп танылып, оны бұзу туралы шешім қабылданды

Жергілікті атқарушы органдар апатты үйді реновация бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұрынғы тұрғындар баспаналарын «Tasu Company» ЖШС құрылыс компаниясына босатып берді. Осылайша, жоба бюджет қаражатын тартпай, тек жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды. Мердігер компания ескі ғимараттың орнына 48 пәтерден тұратын заманауи 6 қабатты тұрғын үй кешенін салды.

Айта кетейік, бұл үй – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан реновация бағдарламасы аясында Ақмола облысында салынған алғашқы тұрғын үй. Жаңа үйдің салынуы азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, қала келбетін өзгертіп, қосымша инженерлік инфрақұрылым салу қажеттілігінсіз қаланы жаңартуға мүмкіндік береді.

Ескі пәтерлер жаңа, кең әрі жайлы баспанаға ауыстырылды. Бұрынғы тұрғындардың барлығы жаңа тұрғын үй кешенінен биік төбелі, жарық дәліздері бар заманауи пәтерлерге ие болды. Сондай-ақ, үйде лифт орнатылған, бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын айтарлықтай арттырады. Кешен барлық қажетті жағдайлармен қамтылған және жайлы өмір сүруге толық мүмкіндік береді.

Қалған 40 пәтерді Бурабай ауданының әкімдігі сатып алып, әлеуметтік осал топтағы ондаған азаматты баспанамен қамтамасыз етті.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа тұрғындарға кілт тапсыру барысында мұндай бағдарламалардың халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын атап өтті. Ол реновация тек апатты үйлер мәселесін шешіп қана қоймай, сонымен бірге халық үшін қолайлы әрі заманауи жағдайлар жасауға бағытталған маңызды қадам екенін айтты.

 

«Мемлекет басшысы ең алдымен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударады. Солардың бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. Өткен жылы бюджет қаражаты есебінен 28 тұрғын үй салынып, 850 пәтер сатып алынды. Нәтижесінде шамамен 2,5 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды. Олардың 1,5 мыңы – әлеуметтік осал топтардағы отбасылар. Жалпы, облыс бойынша 6 мыңнан астам ақмолалық жаңа, жайлы баспанаға ие болды. Дайын пәтерлерді сатып алу арқылы тұрғын үй кезегін азайтуға мүмкіндік туды. Бұған қоса, бұл тұрғын үйлер бюджет есебінен салынған баспаналарға қарағанда әлдеқайда сапалы. Бұл шара көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүгедектігі бар азаматтардың және басқа да әлеуметтік осал санаттағы адамдардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді М.Ахметжанов.

Жаңа үйден пәтер алған көпбалалы ана Элина Шмидт өз қуанышымен бөлісті:

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері қоңырау шалып, бізге пәтер берілетінін айтқанда сенбедім. Алғашында алаяқтар деп ойлап, әкімдікке хабарластым. Олар маған өз қызметкері байланысқа шыққанын растады және құжаттарды тапсыруға болатынын айтты. Сол кезде жылап жібердім. Біз 14 жыл күттік, енді ешқашан үй ала алмайтын шығармыз деп ойладық. Пәтерді көрген кезде тағы да жыладық – өйткені бұл біздің баспанамыз! Өте әдемі, мұндай жақсы жөндеуді күткен жоқпын. Осындай бағдарлама үшін мемлекетімізге алғысымыз шексіз. Біз өте бақыттымыз!» – деді Э.Шмидт.

Бурабай ауданында реновация бағдарламасын іске асыру – өңірдегі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл заманауи құрылыс пен халықтың қажеттіліктеріне деген қамқорлықтың үйлесімді үлгісі болып табылады.

Бұл бағдарлама өңірдің басқа қалаларын да қамтиды. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында осы бастама аясында жаңа тұрғын үй құрылысы басталды.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі пысықталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.