Жобаның негізгі мақсаты-жергілікті экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жобаның негізгі мақсаты-жергілікті экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау

12.02.2025
0
Жобаның негізгі мақсаты-жергілікті экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС «Askar Development» ЖШС-на Тұйық Су шатқалында заманауи туристік орталықтың құрылысына 380 млн.теңге бөлді.

Жобаны қаржыландыру басым бағыттардың бірі ретінде туризмді қолдау шеңберінде «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% (ЖТСМ), қаржыландыру мерзімі – 5 жылды құрайды.

Визит-орталық қонақ үймен, кафемен, дәріханамен, жабдықтарды сатып алуға және жалға алуға арналған дүкенмен, кәдесый дүкенімен және шығармашылық іс-шаралар өткізуге арналған аймақпен жабдықталады. Орталық сонымен қатар Медеуге және кері бағытта электромобильмен туристерді тасымалдау қызметтерін, квадроциклдер мен велосипедтерді жалға алуды, көршілес топтық экскурсияларды, жеке экскурсияларды, тақырыптық дәрістер мен мастер-класстарды қамтамасыз етеді.

Жобаның негізгі мақсаты-жергілікті экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау, халықты жайлы рекреациялық демалыспен қамтамасыз ету, Алматының туристік тартымдылығын арттыру.

Жеңілдікті қаржыландыру аясында «Askar Development» ЖШС бірқатар әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнына алады. Компания кешен аумағында тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, қалдықтарды басқару жүйесін енгізеді, маршруттарды сипаттайтын интерактивті ақпараттық панельдер орнатады, құтқару қызметтері мен туристерді қолдау орталықтарының контактілері бар қалқандарды орналастырады, шұғыл байланыс аймағын құрады.

Орталықты салу және жайластыру кезінде қарыз алушы экологиялық таза материалдарды пайдаланады, туристерді олардың маршруттарының бағыттарын қадағалау функциясымен тіркеу жүйесін ұйымдастырады, тегін қоғамдық дәретхананы көздейді және тау маршруттарында қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша тұрақты дәрістер мен нұсқамалар жоспарлайды. Кешен аумағында сыйымдылығы 8 адамға дейін құтқару қызметінің қызметкерлеріне арналған екі үй-жайды орналастыру мүмкіндігі Қосымша қарастырылуда.

«Алматының туристік тартымдылығын арттырумен қатар, жоба аясында 22 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдер ұлғайтылады. Компанияның жыл сайынғы салық төлемдері 170 млн. теңгені құрайды деп күтілуде», – деп атап өтті «Almaty Finance»ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біздің жобамыз заманауи технологиялардың баспананы қалай жайлы әрі қауіпсіз ететінін көрсетеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қайтарылған активтер есебінен Абай облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.