Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Біз күн панельдерін толықтай өз қолымызбен жасаймыз

Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері оқу шеберханасында алғашқы күн панельдерін өндіруді іске қосты. Олар өз жобаларын Жұмысшы мамандықтар қаласында таныстырды.
«Біз күн панельдерін толықтай өз қолымызбен жасаймыз. Алдымен фотоэлементтерді өзара жалғап, арнайы негізге дәнекерлейміз. Кейін панельді сыртқы әсерлерден қорғау үшін ламинация жасаймыз және оны алюминий корпусқа бекітеміз. Соңғы кезеңде жүйені қосып, оның күн энергиясын электр қуатына қаншалықты тиімді айналдыратынын тексереміз», — деп бөлісті колледждің 3-курс студенті Мәди Жанболат.
Бұл жоба студенттерге жаңартылатын энергетика саласындағы заманауи технологияларды игеруге көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда күн панельдерінің өз өндірісін дамыту үшін перспективалар ашады. Бұдан басқа, колледждің жоғары курс студенттері жетекші компанияларында ақы төленетін практикадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада ALEM TECH FEST 2026 фестивалінің ашылуы өтті

admin_altyalash

«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде кедергіні еңсергендер бар

admin_altyalash

Оқушылар мен волонтерлер кәсіпорын жұмысымен танысты

admin_altyalash