Түркістан облысы кәсіпкерлері Үкіметке өз ұсыныстарын жеткізді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Түркістан облысы кәсіпкерлері Үкіметке өз ұсыныстарын жеткізді

13.02.2025
0
Түркістан облысы кәсіпкерлері Үкіметке өз ұсыныстарын жеткізді

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов бизнес өкілдерімен, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық және аудандық кеңес мүшелерімен кездесіп, жаңа салық реформасын талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер жайын айтып, оның бизнеске ықпалын саралады.

«BNK Group LTD» ЖШС бас директоры Ниязалы Бейсенбаев Қазақстанда қосылған құн салығының 20%-ға көтерілуінің агроөнеркәсіп кешен өндірушілеріне ықтимал әсеріне тоқталды.

«Мөлшерлеменің өсуі шағын және орта бизнеске қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан Үкіметке кейбір басым салалар үшін дифференциалды салық мөлшерлемесін енгізу, табысы төмен кәсіпорындарға уақытша салықтық демалыс беру және көлеңкелі экономикамен күресу шараларын күшейту мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Бұл кәсіпкерлер мен тұтынушыларға келетін теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Өз кезегінде, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтінін, ал заңды тұлғалар қолданыстағы жеңілдіктердің арқасында бюджетке төленуге тиісті салықтардың тек 30%-ын ғана төлейтінін атап өтті. Жаңа механизмдер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейді. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және т.б.) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалар әлі де бизнес өкілдерімен талқылануда.

«Келесі механизмді қарастыру ұсынылады: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі – 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-дан толық босату, ал кейбір салалар үшін аралық мөлшерлеме көлемі 10%. Осылайша, Үкімет ұсынған мөлшерлемелердің дифференциациясы 16%, 10%, 0% және толық босатуды қамтиды», – деп түсіндірді Бауыржан Құдайбергенов.

Кездесу барысында бизнес өкілдері салықтық жүктеменің артуына байланысты алаңдаушылықтарын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Ал Ұлттық экономика министрлігі өкілдері барлық пікір мен ұсыныстардың назарға алынатынын мәлімдеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біз архивтегі материалдармен қолымыз жеткенше, «тісіміз батқанша» жұмыс істейміз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Су тасқынына қарсы белгіленген шараларды нақты іске асыру қажет

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.