Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетРуханият

Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтті

Республика сарайында МАМ қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырған «Айналдым елім» атты концерт өтті.

Іс-шара белгілі әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевті 85 жылдығына арналды.

Оның әндері патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналды. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл туындылар – Қазақстанның мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.

Әнші шығармашылығындағы халықтың ыстық ықыласына бөленген «Атамекен» әні ерекше бағаланады. Бұл ән тыңдаушылардың жүрегінен орын алып, қазақ музыкасының алтын қорына қосылды.

Концерт аясында Ескендір Хасанғалиевтің бірқатар шығармалары орындалды.

Оркестрдің бас дирижері – мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Концертке белгілі қазақстандық өнерпаздар қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 135 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_altyalash

АМЕРИКАҒА АПАРАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

admin_altyalash