Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

ҚР Президенті әкімшілігінде бірнеше қызметкер ауысты

Фото: Qaz365.kz
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігіндегі бірнеше қызметкер ауысты.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды. Ерұлан Жамаубаев 2022-2024 жылдары Премьер-Министр орынбасары – Қаржы министрі болған болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеев ҚР Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылып, орнына Ербол Дәненұлы Адаев кірісті.

Алексей Калайчиди ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке  Шымкент қалалық Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған Дәурен Тілекұлы Ерғарин тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

«BIRLIK» ансамблі Парижде өнер көрсетті

admin_altyalash

Бұл – бүгін мен келешек ұрпаққа жасалған бағасы биік рухани мұра

admin_altyalash

Олжас Бектенов: шикізатты газ түрінде сатудың орнына біз полиэтилен өндіреміз, бұл қосылған құнды 20 есеге арттырады

admin_altyalash