Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Тұрғындар бұл көпірдің тезірек пайдалануға берілгенін күтіп отыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында салынып жатқан көпірдің құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді.

Нысан құрылысына екі ауысымда 130-дан астам адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда 9 тіреудің 5-уі орнатылып, көпір өткелінің металл конструкциялары құрастырылуда. Жыл соңына дейін көпір өткелінің негізгі бөлігі құрастырылып, келесі жылы асфальт төселмек.

Облыс әкімі көпірдің қала үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жобаның қымбаттауына байланысты қосымша қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Осыған орай көпірді республикалық меншікке беру мүмкіндігі күн тәртібінде тұр.

«Облыс мәртебесін алғаннан кейін Семей қаласында халықтың саны өсті. Шаһарда көлік көбейді. Тұрғындар бұл көпірдің тезірек пайдалануға берілгенін күтіп отыр. Сондықтан құрылысты сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтау керек» деді аймақ басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды

admin_altyalash

Ауыл мектебінде де әлемдік білім тәжірибелерін қолдануға болады

admin_altyalash

Мектепте қазақ тілінен жаңа емтихан басталды

admin_altyalash