Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарБілімЖаңалықтар

Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.
«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», – деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.
2024 жылы 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Естеріңізге сала кетейік, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Брейкингтен Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

admin_altyalash

Қарағанды әкімдігі құны 1,1 млрд теңге болатын жер телімдерін тегін үлестірген

admin_altyalash

Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап

admin_altyalash