Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Хасанғалиевке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың музыка мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған Біржан Хасанғалиевтің «Ескендир Хасангалиев. Жизнь в музыке. Музыка в жизни» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға қазақ өнерінің майталмандары, белгілі музыканттар, орындаушылар, Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен жақындары, кітап авторының әріптестері мен достары қатысты.

Кітап 11 тараудан тұрады. Онда композитордың өмірі мен шығармашылық жолының әрбір кезеңі бүкпесіз баяндалған. Сонымен қатар кітапқа оның естеліктері мен фотосуреттері,
әндері мен романстарының толық тізімі енген.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорынан «Ән болып жеткен Есаға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы композитор әндері мен романс ноталары, музыкалық жинақтары және естеліктер мен суреттері қойылған.

Ұқсас жаңалықтар

20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген (видео)

admin_altyalash

Семсерлесуден Астана қаласының ашық чемпионаты өз мәресіне жетті

admin_altyalash

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталғаны туралы үндеуі

admin_altyalash