Қазақстан мен Нигерия қаржы және ғарыш технологиялары саласында келісімдерге қол қойды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстан мен Нигерия қаржы және ғарыш технологиялары саласында келісімдерге қол қойды

27.02.2025
0
Қазақстан мен Нигерия қаржы және ғарыш технологиялары саласында келісімдерге қол қойды

Абуджа, 2025 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Нигерияның Коммуникациялар, инновациялар және цифрлық экономика министрі Босун Тиджанимен кездесу өткізіп, ғарыштық технологиялар, электрондық үкімет және финтех шешімдері саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақ тарапы цифрлық платформаларды дамыту, электрондық үкіметті енгізу және озық финтех шешімдерін құру тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Тараптар бірлескен бастамаларды дамыту және цифрлық салада нақты жобаларды іске асыру жөнінде уағдаласты.

Сонымен қатар Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы ҚР Елшісі Ануарбек Ахметов Нигерияның Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерімен кездесу өткізіп, екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру жолдарын талқылады. Кездесу барысында тараптар қазақстандық және нигериялық компаниялардың өзара нарыққа шығуына жәрдемдесудің механизмін әзірлеу және бірлескен кәсіпорындарды дамыту бойынша бастамаларды қарастыру туралы келісімге келді.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Нигерияның Инвестицияларды дамыту комиссиясы өкілдерімен келіссөздер өткізіп, шетелдік инвестицияларды тарту тәжірибесімен алмасты және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Сонымен қатар ол Нигерияның Қаржылық интеграция министрлігінің басшылығымен кездесті. Нигерия тарапы даму институттары арқылы қаржыландыру құралдарына және мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару модельдеріне ерекше қызығушылық білдірді.

Сапар аясында қазақстандық және нигериялық кәсіпкерлер арасында B2B форматындағы кездесулер өтті. Талқылаулар барысында сауда көлемін кеңейту, бірлескен жобаларды іске қосу және өндірісті жергілікті деңгейде дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Келіссөздер энергетика, тау-кен металлургиясы, қаржы, көлік және логистика, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені салаларындағы компаниялардың қатысуымен өтті.

Қазақстан делегациясының сапары аясында банкінің АХҚО-да филиал ашуын және исламдық қаржы саласындағы ынтымақтастықты бастауды көздейтін АХҚО мен «Taj Bank Nigeria» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға және ғарыш қызметі саласындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейтін «Kazakhstan Gharysh Sapary» ҰК» АҚ мен «Suburban Broadband Limited» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы Қазақстанның басты туристік орталығы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан газ өндіруді ұлғайтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.