Еуропалық Одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Еуропалық Одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі

28.02.2025
0
Еуропалық Одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуропалық Одақ Өкілдігінің Уақытша сенімді өкілі Йоханнес Баурмен бірге ЕО-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары басшыларының, сондай-ақ бірқатар жетекші еуропалық өнеркәсіп компаниялары басшыларының қатысуымен «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтік платформасының 16-шы отырысын өткізді.

Еуропалық Одақ Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды серіктесі болып саналады. 2005–2024 жылдар аралығында Одақ елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $200 млрд-тан асты, бұл елімізге келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 47,8%-ын құрады.

«Бүгінде Еуропалық Одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Бұл еліміздің сыртқы саудасының үштен бірінен астамын және тартылған инвестицияның жартысын құрайды. өткен жылы елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымы 17%-ға өсіп, $50 млрд-қа жетті. Біз Еуропаға жеткізілетін тауар номенклатурасын одан әрі кеңейтуге және әртараптандыруға мүдделіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында жеке инвестициялар ағыны үшін барынша қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа инвестициялық циклды бастауға және еліміздің ЖІӨ-ні екі есеге арттыру жөніндегі стратегиялық міндетті қол жеткізуге бағытталған 2029 жылға дейінгі жаңартылған инвестициялық саясат тұжырымдамасы іске асырылуда.

Үкімет нормативтік рәсімдерді бюрократиядан арылту және оңтайландыру үшін мемлекеттік басқаруға цифрлық шешімдер енгізуде. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасы, сондай-ақ лицензиялау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін  minerals.gov.kz және e-qazyna.kz порталдары іске қосылды. Шикізат өңдеуді және қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруды басым түрде дамыту үшін заңнамалық база жетілдірілуде. Қабылданған шаралар бизнеске кедергілерді жоюға, экономиканы ырықтандыруға бағытталған.

«Қазақстанмен бірге біз цифрландыруды қолдау және геодеректерді басқару сияқты нақты іс-қимылдарға ерекше назар аудара отырып, 2025–2026 жылдарға арналған стратегиялық әріптестіктің жол картасын әзірлеп жатырмыз», — деп атап өтті Йоханнес Баур.

Сөз алған Германия елшісі Моника Иверсен, Франция елшісі Сильван Гиоге, Польшаның Уақытша сенімді өкілі Михал Рафал Лабенда сауда, ғылым және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы ұсыныстар жасады.

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы бірқатар бастама туралы, әуе геофизикасы және картографиялық геофизика саласындағы әлемдік көшбасшы, испандық Xcalibur Multiphysics компаниясының бас директоры Андрес Бланко; жабдықтың ірі жеткізушісі финдік Metso компаниясының Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Камиль Аляутдинов; тау-кен өнеркәсібі, инфрақұрылым және табиғи ресурстарды өндіруге арналған жабдықтар мен шешімдердің әлемдік жетекші өндірушісі Epiroc швед компаниясының Орталық Азия бойынша өңірлік бас менеджері Камшат Галиева.

Көтерілген мәселелерге ҚР өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің басшылығы түсініктеме берді.

Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов дипломатиялық миссиялар басшыларына қазақстандық кәсіпкерлер алдында тұрған отандық бизнестің іскерлік белсенділігіне тікелей әсер ететін түйткілді мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, визалық рәсімдер тақырыбы көтерілді.

«Жақында отандық кәсіпкерлермен кездесуімде, әсіресе, Литва, Германия және Польша сияқты елдерде шенген визаларын алудағы қиындықтар туралы мәселе көтерілді. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар виза орталықтарындағы бос орындардың шектеулі санымен, ұзақ күту мерзімдері – екі айға дейін, сондай-ақ қысқамерзімді визаларды беру – үш айға дейін, бұл олардың қызметін айтарлықтай қиындатуда. Қосымша кедергілер халықаралық тасымалдауға рұқсат құжаттарының түпнұсқаларын талап етеді. Бұл шектеулер қазақстандық компаниялар үшін қосымша кедергілер туындатады және ЕО-мен екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың дамуына әсер етеді», — деп атап өткен Олжас Бектенов қазақстандық бизнесмендер мен жүк тасымалдаушылар үшін рәсімдерді жеңілдету бойынша сындарлы диалогқа сенім білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға, экономикалық байланыстарды нығайтуға және болашағы зор жаңа бастамалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін растады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Премьер-министр кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.