Алматыда 8 наурыз мерекесіне арналған концерт өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 8 наурыз мерекесіне арналған концерт өтті

08.03.2025
0
Алматыда 8 наурыз мерекесіне арналған концерт өтті

Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыда ауқымды концерт өтті. Бір сахнада аты аңызға айналған және қазіргі заманғы орындаушылар, сондай-ақ шетелдік жұлдыздар өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама аясында танымал әндер, классикалық шығармалар және ерекше музыкалық коллаборациялар орындалды.

Концертке Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында көпбалалы аналар, еңбек ардагерлері, ғалымдар, ұстаздар, мәдениет, медицина, спорт және басқа да салада еңбегі сіңген және қызмет ететін әйел азаматшалар болды.

Концерт әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі мен «ALPHA» тобының жаңаша орындауындағы
«16 қыз» әнімен басталды. Бұл қойылым музыкадағы ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

Романтикалық көңіл-күйді Арай мен Рүстем Нұржігіт жалғастырып, «Гавань моей любви» атты лирикалық композицияны орындады. Одан кейін сахнаға Қазақстанның халық артисі, белгілі пианист Жәния Әубәкірова шығып, Фредерик Шопеннің «Вальс №7» шығармасын ұсынды. Кейін ол Ерлан Көкеевпен бірге «Танец под дождем» композициясын орындады. Классикалық әуен мен әсерлі вокал әдемі үйлесім тауып, көрермендерге ерекше атмосфера сыйлады.

Кейін сахнада Мақпал Исабекова «Аяла мені» әнін, Kyle Ruh нәзіктік пен символизмге толы «Ақ Құсым» композициясын орындады.Ал Толқын Забирова, 2RAR, сондай-ақ «Арнау» тобының бұрынғы солистері Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева «Егіз лебіз» әнін орындап, көрермендерді әуезділігімен және эмоциялық тереңдігімен баурап алды.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі – Dinaya-ның «Мама» әнін орындауы болды. Бұл уақытта экранда аналар мен балалардың бейнекадрлары көрсетіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Mona Songz «Сен» әнінің жаңа нұсқасын ұсынып, оны өзгеше әуен мен эмоцияларға байытты. Одан кейін Нұрғалым Аманбай «Сүйем мен» композициясымен залды мейірім мен жылулыққа бөледі.

Көпшіліктің сүйікті тобы JCS «Мой дом» және «Я люблю тебя» әндерін орындап, философиялық мәні бар терең сезімдерді жеткізді. Ал RaiM екі ән ұсынды: жүректі елжіреткен «Жаным-ау, сен» және көңілді «Дискотека из 90-х».

Концерттің финалдық аккорды – Made in KZ тобының орындауындағы «Ана туралы жыр» композициясы болды. Бұл ән кештің жарқын қорытындысына айналып, аналарға деген алғыс пен махаббатты білдірді.

Концертке ерекше атмосфера сыйлаған тағы бір элемент – түрлі кәсіп өкілдерінің бейнеқұттықтаулары. Полицейлер, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер, құрылысшылар мен спортшылар әйелдерге деген алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Бұл іс-шара музыкалық кеш ғана емес, сонымен қатар Алматының дамуына еңбегі сіңген әйелдерге деген құрмет белгісі болды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.