Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

08.03.2025
0
Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.  

Аяулы аналар! Құрметті арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» деген даналық сөз бар. Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің бастау бұлағы, шексіз мейірімнің қайнары. Әр шаңырақтың ұйытқысы, жер бетіндегі жақсылық пен әдеміліктің асыл тәжі – әйелдер қауымы ұлағатты ұрпақ өсіріп қана қоймай, елге деген шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсетіп келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, бизнес пен спорт, қоғамдық өмірдің және басқа да сан түрлі саласында жүрген аяулы жандардың еңбегі шексіз құрметке лайық.

Бұл орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отбасы институтын нығайту, әйелдерді қолдау мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы болып қала бермек.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. Көктемнің шуақты күніндей сәулелі сәттеріңіз көп болсын!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысының 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда 8 наурыз мерекесіне арналған концерт өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.