Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

фото:Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті.

– Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз, – деді Президент.

Өз кезегінде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.

Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру перспективасы қарастырылды.


Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

admin_altyalash

Қазақстан еркін күрестен Азия чемпионатында үш қола жүлде алды

admin_altyalash

«Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар» – Бақытжан Базарбек

admin_altyalash