Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі

12.03.2025
0
Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асыруда. Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан  17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. 

Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.

Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.

Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қоса алғанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ұл күткен ұрпақ: «Ұлболсын» феномені

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Алматы-біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Таза саябақтар мен скверлер» апталығы басталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.