Туризм саласы – Қазақстан экономикасының маңызды қозғаушы күштерінің бірі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Туризм саласы – Қазақстан экономикасының маңызды қозғаушы күштерінің бірі

13.03.2025
0
Туризм саласы – Қазақстан экономикасының маңызды қозғаушы күштерінің бірі

Туризм саласы – Қазақстан экономикасының маңызды қозғаушы күштерінің бірі. Мемлекет басшысы бұл саланың әлеуетін атап өтіп, оны одан әрі дамытуға арналған бірқатар жүйелі шараларды белгіледі.

Алматы және Маңғыстау облыстарымен қатар, Бурабай курорты еліміздің үш негізгі туристік орталығының бірі болып таңдалды. Өңір өзінің қайталанбас табиғаты, бай мәдени мұрасы және белсенді демалыс мүмкіндіктерімен туристерді қызықтырып қана қоймай, Қазақстанның маңызды туристік бағыттарының біріне айналуда.

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақмола облысында туристік инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Орналастыру орындарының саны 13%-ға артып, 6309 нөмірге жетті, ал бір мезгілде қабылдай алатын орын саны 16 620 төсек-орынды құрады. Қонақ үй бизнесінің қызмет көрсету көлемі 130%-ға өсіп, 21,5 млрд теңгеге жетті.

Туристер саны да ұлғайды: 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орналастыру орындарының қызметін 420,2 мың адам пайдаланды, олардың 404,7 мыңы – ішкі туристер. Дегенмен, кірмелік туризм көрсеткіші 2,5%-ға төмендеді, бұл ауа райының қолайсыздығы және шетелдік туристердің өңірлік бағыттарға деген қызығушылығының азаюымен байланысты.

Өңірге келушілердің жалпы саны 997,3 мың адамды құрады, олардың 577,1 мыңы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барды. Туризм саласынан түскен салық түсімдері 34%-ға өсіп, 4,7 млрд теңгені құрады.

Сакралды туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы Ақылбай ауылының маңында археологиялық зерттеулер нәтижесінде тарихи құндылығы дәлелденген «Сақ қорғандары» атты жаңа туристік бағыты ашылды.

«Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» аясында халықаралық байланыстар нығайып, Қытайдан келетін туристер саны артты. Алдағы уақытта туристік инфрақұрылымды кеңейту, қызмет көрсету сапасын арттыру және жаңа бағыттарды дамыту жоспарлануда.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Каспий итбалықтарының жатақтары орналасқан аралдарға әуе шолу жасады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда “Жасанды интеллект әліппесі” кітабының тұсаукесері өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.