Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді

17.03.2025
0
Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді

Амал күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін Амал күнімен және алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларға тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтай өтуде. Алқалы жиында құрылтайдың бесінші отырысын келер жылы Сыр елінде өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл – біздің аймағымыз үшін тарихи сәт. Өйткені алты Алаштың астанасы болған, тоғыз жолдың торабында орналасқан өңіріміз ел болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданатын орталыққа айналады. Оған қоса, бүгін көктемнің келгенін айқын сездіретін Амал күнінде, Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа пәтер кілттері табысталуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында бүгінде облысымыздың бюджеті 750 млрд теңгеге жетті. Өздеріңіз білесіздер, осыдан үш жылдай уақыт бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады. Бұл қомақты қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалуда.
Мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін бүгін айтулы күн! Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленіп, ішінен балалардың әсем күлкісі мен үлкендердің қуанышты үні естілсін! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада ел ағаларына, жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Қызылорда қаласы және Арал ауданының құрметті азаматы Имамадин Оңғарбаев батасын берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әрбір ойын – өз алдына бір сынақ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспарланып отыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.