«Шаңырақ күні» жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Шаңырақ күні» жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады

17.03.2025
0
«Шаңырақ күні» жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады
Астанада Музыкалық жас көрермен театрында 16 наурыз – Шаңырақ күніне орай, театр қабырғасында танысып, табысқан он алтыншы жұптың ақ некесі қиылды.

Іс-шара ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салтын насихаттауды мақсат тұтып отыр.

Театрда бір-біріне үйленіп отбасын құрған 15 жұп бар. Ал бүгінгі «Шаңырақ күні» театрда табысқан 16-жұп Айдос Амандық пен Айдана Болаттың некелерін қию рәсімі өтті.

Аталған шараға, қазақ қыздарының  сұлулық эталонына айналған Қыз Жібегі, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері Меруерт Өтекешева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат пен Света Айтбаевтар және Астана қаласы, Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, белгілі дінтанушы-ғалым Нұрлан Байжігітұлы қатысты.

Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы:

 -«Кеш жарық, өнер сүйер қауым! Біздің театрымыздың жанашырлары! Біздің ұжымымызда былтырдан бастап ерекше Наурызнама басталып жатыр. Қазақтың ұлттық құндылықтарын, рухани келбетімізді паш ететін үлкен шаралар өтіп жатыр. Театрымыз ашылғалы төрт жыл жарымдай уақыт болды. Осы аралықта тек спектакльдерді сахналау ғана емес, біздің театрымыз үлкен шаңыраққа айналды. Театрда тек қана 15 отбасы емес, 30 адам бір-бірімен үйлесіп, шаңырақ көтерді.

Бүгін отбасын құрып, үлкен өмір жолына қол ұстасып бірге шыққан қос баламызға сезімнің ақтығын берсін, көңілдің пәктігін берсін! Екеуіне өнер жолында да, өмір жолында да, арман да мақсат та ортақ болсын! Жұптарыңыз ешқашан жазылмасын!»,- деп жастарға жүрекжарды лебізін арнады.

Шара барысында неке қию рәсімімен қатар әндер айтылып, күй тартылды. Жас отбасыға бата беріліп, тілектер айтылды. Отбасылық құндылықтар дәріптелді.

Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, белгілі дінтанушы-ғалым Нұрлан Байжігітұлы:

– «Адам ата мен Хауа анадай, Мұхаммед пайғамбар мен Хадишадай, Хан Әбілқайыр менен Бопай анамыздай, Тәуке хан мен Сандық анамыздай, Жәңгір хан мен Бәтима анамыздай, Абылай мен Сайман анамыздай, Қобыланды мен Құртқа анамыздай, Исатай мен Мылқым анамыздай, салиқалы өмір беріп, үбірлі шүбірлі қылып, тіл-көзден сақтап,бір жастықта қартайып Алла тағала сүйген жұптардан болуға нәсіп етсін! Аумин!»,-деп ақбатасы мен бірге мұсылманша неке қию рәсімін жасады.

Ал, шаңырақ көтеріп жатқан Айдос Амандықтың айтуынша, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ күні» жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.

-«Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм мен адамгершілікті қалыптастыруға үндейді. Бүгін мұсылманша некемізді, заңды некемізді киелі сахнада Шаңырақ күнінде қиып жатырмыз. Біз театрда табысқан 16-жұппыз. Бұл біз үшін екі есе бақыт. Алдымызда үйленген аға-әпкелеріміз қазір үбірлі-шүбірлі, берекесі мен бірлігі жарасқан жарасымды отбасыға айналып отыр. Алдағы уақытта да осы игі дәстүр жалғасады деп ойлаймыз», – деді ол.

Үлкен өмірге қадам басқан жұп қалай танысқандарын айтып берді.

–«Осы театрда 2023 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмыз. Жарымның аты – Айдана Болат. Университет қабырғасында танысқан болатынбыз. Университетке талапкер болып келіп тұрғанымызда танысып, дос болып кеттік. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде, Асхат Маемиров шеберханасында бірге оқығанбыз. Ең алғаш танысқанда “Мисс Көкшетау” екенін естіп, маған қарай ма екен?” деп, батылым жетпеді. 2 жыл дос болып, араласқаннан кейін барып, сезімімді білдіріп, қызым болуға ұсыныс жасадым, енді, міне, шаңырақ көтергелі отырмыз»,– деді Айдос.

Мәртебелі қонақтарымыз жастарға жүрекжарды лебіздерін білдіріп,  бір-біріне деген іңкәр сезімдері мәңгілік болуын, ел мен жұрттың тек алғыстарын алуын, өмір жолында аспандары ашық болуын тіледі.

Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан табысы жоғары елдер тобына едәуір жақындады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әрбір ойын – өз алдына бір сынақ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.