Бата беру – қазақтың көнеден келе жатқан ең асыл дәстүрі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Мамыр 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бата беру – қазақтың көнеден келе жатқан ең асыл дәстүрі

20.03.2025
0
Бата беру – қазақтың көнеден келе жатқан ең асыл дәстүрі

Елордада ақсақалдар арасында бата беруден «Ақ бата» байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бата беру – қазақтың көнеден келе жатқан ең асыл дәстүрі. Ал бүгінгі күні батагөй ақсақалдардың азаюы, дуалы сөздің ұмытылып бара жатқаны өзекті мәселе. Ұлттық мұрамызды ұлықтау мақсатында Астана қаласында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Наурызнаманың он күндігі аясында «Ақ бата» байқауы өтті.

Байқаудың алғысөзін Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ашты. Елордалық 7 ақсақал ұлттық дәстүрді заманауи бағытта жаңғыртып, сынға түсті. Сайыстың бірінші кезеңінде қариялар батаның 7 түрі бойынша (наурыз бата, алғыс бата, отау бата, балаға бата, жолаушыға бата, ас бата, той бата) өнер көрсетті. Екінші кезеңде қатысушылар салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен үш ақсақал жүлделі орынға ие болды. Бірінші орынды 77 жастағы Мекебай Кәкенұлы, екінші орынды Айдарбек Қаржауұлы, үшінші орынды 77 жастағы Ратқан Әліпбаев жеңіп алды. Сайысқа белсенді қатысқан қариялар Тастыбай Сәкенұлы, Ермек Хамзаұлы, Маманбай Рақметұлы, Қанат Сәлменұлы алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, көрерменмен «әкем үйреткен бата» айдары бойынша интерактив ұйымдастырылды. Елорда тұрғындары да бата берудің маңызы, ұлттық ғұрпымыздың құндылығы жайында ой-пікірлерін білдіріп, жарыса бата берді. Кеш мерекелік концертпен сүйемелденіп, елімізге белгілі әншілер өнер көрсетті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Реттеу тетіктерінің қағаз жүзінде ғана емес, адамдарды да қорғауы маңызды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.