АХМЕТ ТОҚТАБАЙ: ҚЫДЫР АТАНЫ АЯЗ АТАҒА АЙНАЛДЫРУДЫ ҚОЮ КЕРЕК – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

АХМЕТ ТОҚТАБАЙ: ҚЫДЫР АТАНЫ АЯЗ АТАҒА АЙНАЛДЫРУДЫ ҚОЮ КЕРЕК

22.03.2025
0
АХМЕТ ТОҚТАБАЙ: ҚЫДЫР АТАНЫ АЯЗ АТАҒА АЙНАЛДЫРУДЫ ҚОЮ КЕРЕК

Қазақтың таным-түсінігінде Қыдыр ата жақсылыққа жол бастаушы, желеп-жебеуші, сәттілік пен бақ дарытушы ретінде қалыптасқан. Жалпы Қыдыр баба турасында екі анықтама беріледі. Бірі Қыдырдың ислам дініне дейін болғаны айтылып, пайғамбардың бірі деп саналса, ендігісі оның образы мифтік бейне деп қарастырылады.

Осы ретте белгілі тарихшы, этнолог Ахмет Тоқтабай Қыдыр бабаны материалдандыру дұрыс емес дейді. Өйткені Қыдыр ата мифологиялық образ әрі пайғамбар деп есептеледі.  Сондықтан пайғамбарды олай Санта Клаус немесе Аяз ата сияқты ақ сақалды, шапан киген, қолына таяқ ұстаған қарт етіп көрсету мүлде қате. Бұл оның киесін қашырып, қасиетін көмескілейді.

«21 наурыздан 22-сіне қараған түні Наурыз кіреді. Қыдыр ата келеді деп ел-жұрт арнайы күтіп, дайындалған. Осы кезде неғұрлым көбірек адаммен араласу керек. Өйткені амандасқан адамның бірі Қыдыр болуы мүмкін делінген. Кезінде ақсақалдар «қол алысқанда оның бас бармағы былқылдап тұрады, Қыдырды көрдім» деп айтып отыратын. Қыдыр ата – мифологиялық образ. Мен осы Алматыда осыдан екі-үш жыл бұрын ауданның тойында Аяз ата ұқсатып киіндіріп қойғанын көріп қапаланғанмын. Ол мүлде дұрыс емес. Өйткені ол көрінетін адамға ғана көрінеді, яғни ақыл ойы таза, пейілі кең, арамдығы жоқ, үй іші тату, халқына адал, жарлы-жақыбайға қамқор осындай адамдарға назары түседі. Ал іші залым, арам пиғылдыларға көрінбейді.

Мысалы мен бірде ел аралап жүргенде бір кісі: «Отан соғысында ұлым қайтыс болып, қара қағаз келді»-дейді. «Наурыз кезі болатын. Адам көп, көрші ауылдан жұрт келіп жатты. Өзім сырқаттанып, ұлымнан айырылып, қара жамылып жүрген едім. Кенет бір кісі келіп «Қарағым, неге бүйтіп отырсың? Көңіл күйің түсіп кетіпті ғой. Ұлыстың ұлы күні ғой! Неге жадырап, жайқалып отырмайсың?»- деді. Бар жайымды айтып едім, қарап-қарап отырды да «Балаң тірі, аман-есен келеді. Сен бүйтіп қайғыра берме» деп айтты» – дейді. Қария әлгі кісінің сөзіне тіпті құлақ та салмаған, сенбеген де. Соның артынан 3-4 айдан кейін ғажайып болып, кісінің ұлы аман-есен оралыпты.  Сонда үлкен кісілер айтады екен «өткенде жолыққан онда Қыдыр ата ғой деп».

Осы сияқты оқиғаларды жиі кездестірдім. Тағы бір мысал, мен оқуға енді түскен абитурент кезім еді. 1969 жыл. Сонда бір кісі «7-8 жыл болды заң факультетіне түсе алмай келемін» – деді. «Бірде Алматыдан Қаскелең автобусына мініп, қайтып бара жатқанмын. Ішімнен биыл оқуға түспесем онда қолыма таяқ алып, қойшы болып кетем ғой деп ойланып отырдым.  Бір уақытта жаныма бір сары шал келіп отырды да «Әй, не болды? Неге қапалысың?» -дейді. Сонда айттым, «7-8  жыл болды оқуға түсе алмай жүрмін» деп. Әлгі қария «Өй, сен биыл түсесің!»- деді. Оған қарамадым да, көңіл аудармадым да. Қайта сөйлесейін деп қарасам әлгі қарт жоқ. Кейін әке-шешеме айтсам, олар «Сен оқуға түстің,  әлгі шал сол Қыдыр болғаны ғой» -деді.  Мінекей, Қыдыр деген сондай болады. Көрінетін адамға ғана көрінеді.

Тағы бір жағдайды айтайын. Өзім қыс бойы суға түсемін. Сонда осыдан 5-6 жыл бұрын бір жігіт біздің денсаулық тобымызға келеді. Алматы өзенінің бойымен жүреміз, суға түсеміз. Бір күні әлгі жігіт «Жүрегіме ота жасауға портал алдым, Астанаға барам» деп қуанады. Мен айттым «Неменеге қуанып тұрсың? Сені сояды да, жүрегіңді жұлып алады екен. Оған несіне қуанасың?! Одан да мен сияқты суға түс»- дедім. Мен судан жазылып кеткем. Сосын ол «онда суға түсем» деп күнде келеді. Түсе алмайды, қорқады суықтан. Бір күні мен өзім түстім де «әй, бері кел» деп ақырын жетелеп суға түсіріп, үстіне шашып үйренді. Сөйтіп үш ай суға түсті де әлгі тексеруіне барды. Сонда қараса, жазылып кеткен. Басқа кісілер оған айтып жатты «Әлгі кісі саған Қыдыр ғой ол, Қыдыр болған деп айтты»- дейді. Сондықтан Қыдырдың назары ешкімге ұқсамайды, әркімге әртүрлі болып келеді. Көрдіңіз бе оның образын?! Сондықтан Қыдырды материалдандырып, театрға айналдыруға болмайды.

Моңғолияға барған сапарымда  бір шал айтты «1950-шы жылдары үйленейін деп едім, бір жиында отырдым. Сонда бір кемпір қасыма келіп «Әй, сен үйленетін әйелдің бір-ақ жылдық өмірі қалды, бір жылдан кейін жерлейсің» депті. Содан кейін үйленбей қалған екен. Айтса айтқандай, әлгі қызы бір жылдан кейін қайтыс болды дейді. Кездескен кемпір Қыдыр ғой деген екен. Осындайды көп көрдім.

Қыдыр ата түсінігі ислам дінінен бұрын болған. Оны күлкі қылуға болмайды. Ол тек Наурызда ғана емес, жалпы өмірде кездесетін тылсым дүние. Ниеті таза адамға Қыдыр жолығады, алдынан Қыдыр шығады, жолы ашылады дейді. Ал Наурызда Қыдыр ата үй-үйді аралайды, кімнің үйі таза, пейлі ақ соған Қыдыр бақ болып қонады деген сенім бар».

 

Н.Еркін

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

НАУРЫЗ – ӨЗ АЛДЫНА БІР ҒЫЛЫМ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Наурыз – игілікті істердің мерекесі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.