Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін өңірі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін өңірі

24.03.2025
0
Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін өңірі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды.

Жоба мақта өсіруден бастап иірілген жіп, мата, киім түріндегі басқа да дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейін өндірістің толық циклін, яғни, мақта агроөнеркәсібі кешенін қалыптастыруға бағытталған. Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр, оның ішінде 4-уі егіс алқаптарына жақын мақта өңдеу бойынша, 2-уі – заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, тамшылатып суару жүйелерін өндіру бойынша, сондай-ақ тігін және бояу-әрлеу фабрикасын қоса алғанда, 4 тоқыма зауыты бар. Инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады. 4 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.

Бүгінде кластердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ПВХ құбырларын шығаратын зауыт іске қосылды, тоқыма фабрикаларының құрылысы басталды. Инвестор суару инфрақұрылымының (каналдар желісі, сорғы стансасы) құрылысын жүргізуде.

Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды және жоба үшін өңірдің тиімді климаттық ерекшеліктерін атап өтті. Чжан Цихай биылғы қазан айынан бастап дайын өнімнің алғашқы өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Премьер-министр Олжас Бектенов іске асырылып жатқан жобаның мәнін және экономиканы дамытудағы кластерлік тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және нақты секторға инвестиция тарту міндетін қойды. Мақта-тоқыма кластерін құру өнімнің қосылған құнын арттыруға, қайта өңдеуге және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ықпал етеді. Үкімет өз тарапынан қажетті қолдау көрсетеді», — деді Олжас Бектенов.

Анықтама: Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd – Қытайдың мақта өнеркәсібіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Шыңжаң компаниясы қытайлық 500 ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының рейтингінде 55-ші орында тұр. Компания тұқым өсіруден бастап, тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі мақтаны кешенді өңдеуге және толық өндірістік циклды басқаруға маманданған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мәулен Әшімбаев Наурыз мейрамымен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақтауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.