Кино саласына қатысы бар тұлғалардың киностудия төңірегіндегі процестерге қатысты өз пікірін білдіруге құқығы бар – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кино саласына қатысы бар тұлғалардың киностудия төңірегіндегі процестерге қатысты өз пікірін білдіруге құқығы бар

26.03.2025
0
Кино саласына қатысы бар тұлғалардың киностудия төңірегіндегі процестерге қатысты өз пікірін білдіруге құқығы бар
Фото: gov.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген «Қазақфильм» киностудиясына қатысты пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құрметті достар!
Кейінгі уақытта «Қазақфильм» киностудиясы қоғамда қызу талқыға түсіп, түрлі қауесеттер мен жорамалдар айтылып жатыр. Жұртшылықтың «Қазақфильмнің» тағдырына осынша алаңдаушылық білдіріп отырғаны қуантады. Сондықтан қоғамдағы осы алаңдаушылыққа себеп болып отырған мәселелерге қатысты түсініктеме беруді жөн деп санаймын.
Ең алдымен айтарым, кино саласына қатысы бар тұлғалардың киностудия төңірегіндегі процестерге қатысты өз пікірін білдіруге құқығы бар. Алайда ақпарат таратқанда тек фактілерге сүйенуге кеңес беремін. «Заң мен Тәртіп» қағидаты баршаға ортақ, ал оны елемеу тиісті заң аясында жауапкершілікке әкеліп соғады.
Бірінші. «Қазақфильм» жерінің сатылуы жөніндегі ақпаратқа қатысты.
Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесет біржола тоқтатылуы тиіс. «Қазақфильмге» тиесілі жерлер киностудия иелігінде қала береді. Жер сатылған жоқ және тек кинематография мүддесі үшін пайдаланылуда.
Екінші. Киностудияны жөндеуге қомақты қаржы салуға дайын инвесторлардың бар екені жайлы.
Бұл ақпарат қоғамда кең тарап жүр, алайда мұндай мәлімдемелерді құжаттармен немесе нақты кепілдіктермен растай алмайтын адамдар жасап отыр. Мемлекет, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігі нақты инвесторлармен жұмыс істеуге дайын. Дегенмен әзірге ешқандай нақты ұсыныс, бірде-бір кепілдік хаты жоқ. Барлығы тек әңгіме деңгейінде.
Үшінші. Киностудияны Астанаға көшіру туралы.
Бұл да ешқандай негізі жоқ қауесет. Қазіргі уақытта елордаға «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін көшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мұнда маңызды жайт – «Қазақанимация» өндірістік база емес, анимациялық контент жасауға тапсырыстарды бөлетін құрылым. Сондықтан оның Астанаға көшуі саланың жұмысына еш кедергі келтірмейді.
Өкінішке қарай, кейінгі бес жылда елімізде сапалы анимациялық фильмдер түсірілген жоқ. Осыған байланысты анимациялық индустрияны Креативті индустриялар қорының аясында дамыту орынды болмақ. Қор құрылымында анимацияны дамытуға бағытталған креативті хаб жасақталуда, – деп мән-жайды түсіндірді министр.
Министрдің айтуынша, Президент қол қойған жаңа заңға сәйкес, елімізде фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30%-ы жыл сайын тікелей «Қазақфильмге» бағытталатын болады. Бұл киностудия жұмысының тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері бекітілді. Биыл жаңа ережелер бойынша конкурс екінші рет өткізіліп отыр.
Осы ретте, киностудияны халықаралық ынтымақтастықсыз дамыту мүмкін емес. «Қазақфильм» шетелдік әріптестерімен бірлесіп бірқатар маңызды фильмдер түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – қазақстандық киноны әлемдік нарықта таныту және отандық кинематографистердің позициясын нығайту үшін маңызды қадам, – дейді Аида Балаева.
Мәдениет және ақпарат министрінің мәліметінше, демеушілерді тартудың арқасында киностудияда соңғы 15 жылда жүргізілмеген жөндеу жұмыстары басталды. Бұл – инфрақұрылымды жаңғыртудың алғашқы кезеңі. Осы орайда киностудия мен қазақстандық киноөндірістің дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдіремін! Әрине, әңгіме әзірге күрделі жөндеу туралы емес, бірақ бұл – «Қазақфильмде» жұмыс істеу үшін қалыпты жағдай жасауға бағытталған нақты қадамдар.
Атап айтқым келетіні, «Қазақфильм» тек кинотуындылар ғана емес, ең алдымен – шаруашылық жүргізуші компания және бәсекеге қабілетті нарық қатысушысы. Ол жоғары кәсіби киноөнердің дамуына лайықты жағдай жасайды. Сондықтан министрлік бұл кәсіпорынды режиссер немесе актер емес, киностудия қызметін табысты әрі тиімді жүргізуге қабілетті кәсіби менеджер басқаруы тиіс деген қағиданы берік ұстанады. «Қазақфильмнің» тұрақты әрі тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін министрлік жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра береді, – деп жазды министр.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жалағаш ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұйрық жобасы балалардың барлық санаттары үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.