Жалағаш ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жалағаш ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

26.03.2025
0
Жалағаш ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданынына жұмыс сапары барысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары болды.
Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге, құрылыс, спорт салаларындағы жаңалықтарға тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз» деген болатын.
Тұрғындар спортты өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендер қолжетімді болуы керек. Ал спорт адамның денсаулығын, күш-жігерін шыңдайды.
Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілгені белгілі. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион алдағы мамыр айында ел игілігіне табысталмақ. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады.
Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар, Сырдария ауданының Бесарық ауылдарында жаңа кешендер іске қосылған еді. Наурыз мерекесі қарсаңында дәл осындай спорт кешені күні кеше Қармақшы ауданының Ақай ауылында және Шиелі ауданының Жақаев ауылында ашылды. Бүгін Ұлыстың ұлы күнінде Жалағаш ауданындағы жаңа спорт кешенін ел игілігіне табыстаудамыз.
Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жерде шыныққан жеткіншектер болашақта дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың намысын қорғап, көк байрағымызды биікте желбіретсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», – Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жиылған халықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Кино саласына қатысы бар тұлғалардың киностудия төңірегіндегі процестерге қатысты өз пікірін білдіруге құқығы бар

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.