Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнерФотогалерея

«Шам түбіндегі шындық» жаңа тарихи-драмалық телехикаясын ұсынады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлттық мәдениет пен өнер тарихынан сыр шертетін  «Шам түбіндегі шындық» жаңа тарихи-драмалық телехикаясын ұсынады.

Телехикая Қазақ театрының 100 жылдығына арналған. Үш бөлімді сериал арқылы көрермендер сол кездегі астана Қызылорда қаласында 1925 жылы құрылған тұңғыш ұлттық қазақ театрының тарихымен, өнер ордасының Алматыға көшірілуі кезіндегі көрнекті режиссер Жұмат Шаниннің еңбегімен танысады.

Тарихи телехикаяда 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концерттегі қазақ зиялыларының  өнер көрсетуі және сол кездегі Қалыбек Қуанышбаев, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Серке Қожамқұлов бастаған қазақ делегациясы құрамындағы қайраткерлердің рөлі жан-жақты көрсетіледі.

Телехикаяның қоюшы-режиссері – Жасұлан Пошанов. Басты рөлдегі Жұмат Шаниннің жас кезін Ғалым Оспанов, есейген шағын Азамат Есқұлов ойнайды. Серке Қожамқұловтың бейнесін Жандәулет Батай, Әміре Қашаубаевты Біржан Бәзілжанов, Қалыбек Қуанышбаевты Алмас Шаяхметов сомдайды. Ал Күләш Байсейітованың рөлінде көрермен Инабат Ризабекованы көре алады.

Тарихи оқиғалармен қайта қауыштыратын телехикая «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен 27 наурыздан бастап көрсетіледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті

admin_altyalash

«Рухани келісім – адам, табиғат және технология арасындағы үйлесімділіктің негізі» тақырыбында халықаралық конференция өтті

admin_altyalash

Нағыз дәрігер үшін ең жоғары құндылық – халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөлену

admin_altyalash