Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталып кетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Мамыр 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталып кетті

28.03.2025
0
Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталып кетті

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде. Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты. 

Жобаға сәйкес әуежай Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ базасында салынады. 184,5 гектар жерді алып жатқан учаске географиялық және метеолорогиялық жағдайды, сондай-ақ логистикалық қолжетімділікті ескере отырып таңдалды.

Әуежайда алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігімен ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады. Бұл әуежай аймағында Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір отандық әуе компания ATR-72 ұшақтарын сатып алу мәселесін пысықтауда. Жоба аясында 4 әуе кемесіне арналған перрон, сағатына 150 жолаушыға дейін өткізу қабілеті бар 4000 шаршы метрлік заманауи аэровокзал, командалық-диспетчерлік пункт, авариялық-құтқару қызметі, метеостанция және радионавигациялық жабдықтар қарастырылған.

«Әуежай құрылысы аяқталып, нысан қолданысқа берілген соң Қытайдың Үрімші, Алтай және Қанас қалаларына халықаралық бағыттар ашу жоспарланған. Астана, Алматы және Өскеменге қатынайтын ішкі бағыттар тұрақты әуе байланысын қамтамасыз етіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ел тұрғындарының жүріп-тұруын жақсарта түспек», — деді көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев.

Қазір Зайсанға жыл сайын шамамен 23 мың турист келеді. Әуежай іске қосылып, инфрақұрылым дами түскенде бұл көрсеткіш 136 мың туристке дейін өседі деп күтілуде.

Марат Қарабаев әуежай құрылысы Қазақстанның логистикалық әлеуетін дамытуға қосымша мүмкіндік ашатынын атап өтті. Сәтбай ауылы маңында жаңа әуежай салу және «Қалбатау-Майқапшағай» күре жолының реконструкциясын аяқтау жұмыстары Зайсан қаласында арнайы ірі логистикалық хаб ашуға мүмкіндік береді. Көлік министрі қазір бұл мәселені Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен пысықталып жатқанын атап өтті.

Бұл ретте Тұғыл ауылында өзен порты салынады. Бастапқы кезеңде жүктер Тұғыл портына автокөлікпен тасымалданады. Одан әрі Ресей Федерациясына қарай өзен арқылы кеме қатынасы орнатылады. Жүктердің бастапқы көлемі 2 млн тонна болса, уақыт өте келе бұл көрсеткіш 10 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде. Қытайдағы әріптестермен қазір «Тұғыл» портын теміржолмен байланыстыратын және Ресейдегі Обь өзеніне, одан әрі Солтүстік теңізге шығатын «Қытай-Қазақстан-Ресей» мультимодальды логистикалық маршрутын құруға бағытталған төртінші теміржол өткелі пунктін салу пысықталуда.

Сондай-ақ биыл мамандар Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық бес теміржол вокзалын (Өскемен-1, Алтай, Күмістау, Риддер, Шемонаиха) жөндейді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.