Қазақтың ұлттық ойындары – тек ермек емес, бүкіл ұлттың болмысын танытатын қазына – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Қазақтың ұлттық ойындары – тек ермек емес, бүкіл ұлттың болмысын танытатын қазына

29.03.2025
0
Қазақтың ұлттық ойындары – тек ермек емес, бүкіл ұлттың болмысын танытатын қазына

фото:ашықдереккөз

Наурыз – көктем мерекесі, жаңа жылдың бастамасы ғана емес, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті жаңғыртатын маңызды кезең. Бұл мейрамда қазақ халқының ойындары ойнатылып, әсем ән шырқалып, үйдің іші жанға, сырты малға толып, ұлттық киім киінген жеткіншектер мейрамның сәнін келтіреді. Осы тұста ұлттық ойындарда сынға түскен жастардың ептілігі мен батылдығы шыңдалады. Десе де көптеген дәстүрлі ойындар ұмыт қалып жатқаны бар.

Ұлттық ойындар – халықтың тұрмыс-тіршілігін, болмысын, дүниетанымын айқындайтын құндылықтардың бірі. Әрбір халықтың өзіне тән ойындары өз тарихымен, өмір сүру салтымен тығыз байланысты. Қазақ халқының ойындары тек көңіл көтеру мақсатында ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік маңызға ие болған. Ежелгі қазақ қоғамында ұлттық ойындар жас ұрпақты өмірге дайындау құралы ретінде қолданылды. Атқа міну, күрес, садақ ату, күш сынасу ойындары ер балаларды жауынгерлік өнерге баулыса, қыздар арасында тараған ойындар олардың ептілігі мен көркем мінезін қалыптастырды. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары – тек ермек емес, бүкіл ұлттың болмысын танытатын қазына. Алайда қазіргі уақытта ұлттық ойындардың бірқатары ұмыт қалып, олардың орнын заманауи ойын-сауық түрлері басып келеді. Бұл құбылыс ұлттық құндылықтардың әлсіреуіне, жас ұрпақтың өз тарихын терең білуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті ұлттық ойындарды дәріптеу – ешқашан артық болмайды. Мәселен «Асау мәстек», «Жілік сындыру», «Қарамырза», «Шегенің үші қайсы?», «Шаша шашу», «Теңге ілу» секілді ойында ұмыт қалып барады. Тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері де бұл ойындардан  хабардар екеніне күмән басым.

Мысалы, «Шаша шашу» ойыны – қазақ қыздарының арасында кеңінен таралған. Наурыз мейрамында ұйымдастырылатын таптырмас ойындардың бірі. Оған бірнеше қыз бала қатысып, бақ сынасады.  Ойынның ережесі бойынша жерге көп мөлшерде тәтті кәмпит немесе тиын тасталады. Қатысушылардың біреуі белгі бергенде шапшаңдық танытып әлгі заттарды жинап алуы керек. Кімдікі көп сол адам жеңіске жетеді. Бұл ойын түрі шапшаңдық пен табандылықты дамытады. Сонымен қатар, бірі білсе, бірі білмейтін ойындардың қатарына – «Бестасты» жатқызсақ болады. Бұны да көбіне қыз балалар ойнайды. Ережесі былай: ойыншы бес тасты жерге шашып жібереді. Бір тасты таңдап, оны жоғарыға лақтырады. Осы сәтте жердегі бір тасты алып үлгеруі керек. Осылайша, барлық тастарды бір-бірден жинайды. Кейін санақ беске дейін көбейіп, ақырында барлығын бірден жинап үлгеру керек. Бұл кезеңде ойыншылар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолданады. Мысалы тасты қолдың сыртымен қағып алу, саусақпен айналдыра жинау, тастарды белгілі бір тәртіпте орналастыру секілді шеберліктерін көрсетіп, жарысады. Тағы бір тасада қалған ойын түрі «Жілік сындыру». Бұл қазақ халқының ертеден келе жатқан күш пен дәлдікті керек ететін ұлттық ойынның бірі. Аты айтып тұрғандай, қой немесе жылқының жілігін алып, бір соққымен сындыру керек. Жоғарыда айтқанымдай, күш пен дәлдікті қажет ететін бұл ойынның жеңімпазы – екінің бірі бола бермейді.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Олар жастарды ептілікке, батылдыққа, ұйымшылдыққа, қырағылыққа, ой ұшқырлығына тәрбиелейді. Сондықтан бұл ойындарды тек ұлттық мейрамдар мен мерекелерде ғана емес, балалардың күнделікті өміріне енгізген абзал. Осылайша ұлттық рух нығайып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала береді.

 

Нұрдәулет НАРЖАН

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біздің халық үшін жәрмеңке тек сауда орны емес, ол – бірлік пен берекенің көрінісі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БАЛА ТІЛІ БЕСІККЕ ЖАТПАҒАННАН КЕШ ШЫҒА МА?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.