Біздің халық үшін жәрмеңке тек сауда орны емес, ол – бірлік пен берекенің көрінісі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Біздің халық үшін жәрмеңке тек сауда орны емес, ол – бірлік пен берекенің көрінісі

29.03.2025
0
Біздің халық үшін жәрмеңке тек сауда орны емес, ол – бірлік пен берекенің көрінісі

Бүгін Көкшетаудағы «Тәуелсіздік» алаңы нағыз гастрономиялық мерекеге айналды – биылғы жылдың алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл шара Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген тауар өндірушілерді бір шаңырақ астына жинады. Ет, сүт өнімдері, бал, жаңа ауланған балық, ұн, көкөністер, жарма, кондитерлік тағамдар – барлығы 70-тен астам өнім түрі, жалпы салмағы 82 тоннадан асатын тауар қала тұрғындары мен қонақтарына нарықтағы бағадан 10-15% төмен ұсынылды.

Жәрмеңке аумағында 45 павильон құрылып, әрқайсысы белгілі бір өнімге арналды: бірінде – ет, екіншісінде – сүт өнімдері, үшіншісінде – ұн, ал төртіншісінде – көкөністер. Самауыр қайнап, әсем әуен шырқалып, балалар концертті тамашалап жатқанда, ересектер арбалары мен сөмкелерін толтыра бастады. Жәрмеңке аясында қарт адамдарға еріктілер көмектесіп, ауыр сөмкелерін көтеріп берді.

«Алдағы Ораза айт мерекесі қарсаңында облыс орталығында биылға алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Бұл – әр отбасы үшін ерекше дайындық кезеңі. Жәрмеңке – халыққа қажетті азық-түлікті тиімді бағада сатып алуға, ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімдерін тиімді өткізуге де тамаша мүмкіндік», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Жәрмеңкеге Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды, Сандықтау, Біржан сал аудандарының, сондай-ақ Көкшетау, Степногорск қалалары мен «СПК Көкше» акционерлік қоғамының өндірушілері қатысты.

«Біздің халық үшін жәрмеңке тек сауда орны емес, ол – бірлік пен берекенің көрінісі. Адамдар азық-түлік алып қана қоймай, концерт тамашалап, би билеп, бір-бірімен қауышып жатады. Бұл – біздің мәдени кодымыз. Оның үстіне, мұндай шараның қасиетті Рамазан айының соңғы күні ұйымдастырылуы ерекше мәнге ие. Бұл – көктемнің, молшылық пен мейірімнің жаршысы іспетті», – дейді көкшетаулық тұрғын Әлия Ахметова.

Жәрмеңкеде өнім ұсынғандардың арасында тәжірибелі кәсіпкерлер де бар. Солардың бірі – Біржан сал ауданындағы «Шәріпов» шаруа қожалығының өкілі Әлия Оразова.

«Біз жәрмеңкелерге жыл сайын қатысамыз, өзім осында 13-рет келіп тұрмын. Біздің аудан, ең алдымен, сүт өнімдерімен танымал. Май, ірімшік, құрт, сүзбе – бәрін әкелдік. Әрине, ет те бар. Ақмолада сиыр еті сапасымен ерекшеленеді, сұранысқа ие. Көпшілік бізді таниды, арнайы іздеп келетіндер де аз емес», – дейді ол.

Жәрмеңке тек азық-түлікпен ғана емес, мәдени шаралармен де есте қалды. Сахна төрінде аудан өнерпаздары ән шырқап, ұлттық билер орындалды. Сауда қатарларында бал, жаңа піскен нан, жұмыртқа, өсімдік майы сынды өнімдер ұсынылды. Жалпы, 100 мыңнан астам жұмыртқа, 30 тонна ет өнімдері, 16 тонна көкөніс, 2,6 мың литр май сатылымға шығарылды.

Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелердің тұрақты түрде өтетінін айтты. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, осындай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Өтетін күндері туралы алдын ала хабарлап отырамыз. Басты мақсат – жергілікті аграршыларды қолдап, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету», – делінген ұйымдастырушылар ақпаратында.

Жәрмеңкеге жиналған халықтың көңіл күйіне қарап, бұл шара сауда алаңынан гөрі дәстүр мен жаңашылдық, адамдар мен көктемнің тоғысар мекеніне айналғанын аңғаруға болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы ақпар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақтың ұлттық ойындары – тек ермек емес, бүкіл ұлттың болмысын танытатын қазына

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.