Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Мамыр 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты

01.04.2025
0
Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты

Қызылорда облысының Финляндия, Эстония мемлекеттерінде өткен өнер күндері одан әрі Испанияның Мадрид қаласында жалғасып, Ұлыстың ұлы күніне арналған концертпен қорытындыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ұйымдастырылған осы өнер сапары барысында Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты. Сапардың мақсаты да осы, яғни қазақ халқының ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру, шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмасу болатын.
«NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен өткен концертке көрермен көп жиналды. Онда Қазақстанның Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Данат Мұсаев пен Леганэс қаласы әкімінің орынбасары Дэльгадо Карлос сөз сөйлеп, Сыр елінің өнерпаздарына алғыс білдірді.
Бай мәдениеті, тарихы және тамаша табиғатымен әйгілі Испания елі өзінің тамыры терең өнерін, ғажайып сәулетін мақтаныш етеді. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық өнерінен үндестік тапқандықтан, көрермен қауым сахнада шырқалған ән-жырға, жалпы концерттік бағдарламаға зор қызығушылық танытты.
Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары күн мен түннің теңелетін, күллі тіршілік қайта түлейтін табиғат мерекесінің бар бояуын жарқыратып ұсынды. «Жарапазан» айтылып, қазақтың игі дәстүрімен шашу шашылды. Наурыз- думанның басталғанын «Тойбастар» әнімен көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына, диаспора мүшелеріне, қазақстандық және шетелдік студенттерге ұлт қазынасының мол мұрасы туралы мағлұмат берді.
Концертке «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі (жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, Мұхтар Ниязов, Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлеш қатысып, өнер көрсетті.
Гастрольдік сапарда көрерменге концерттік бағдарламамен қатар, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Ұлттық нақышпен безендірілген сый-сияпат та таратылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мақсатымыз – жыл соңына дейін халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.