Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Bishimbayev University» туралы ақпарат жалған

«Bishimbayev University» туралы жарияланымға қатысты
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-3-бабына сәйкес, кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысу үшін заңды тұлғаларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады.
Осыған байланысты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензиялануға жатады.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, рұқсат беру немесе хабарлама тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Министрлік «Bishimbayev University» атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тиісті өтінімнің болмағанын хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Дарынды жастарды қолдауға көңіл бөлініп жатыр

admin_altyalash

Жамбыл облысында жылына 30 млн жұмыртқаға арналған инкубатор іске қосылды

admin_altyalash

Ата-ана бала тәрбиесінде ең бірінші неге назар аударуы керек – психолог кеңесі

admin_altyalash