Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады

Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу –мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника аясындағы бағыттардың бірі.

Бүгінде еліміздегі 1100 мектепте STEM-зертханалар базасында дрондарды басқару үйірмелері ашылды. Бұл үйірмелерде оқушылар дрондарды құрастыру мен бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық ойлау қабілетін, инженерлік машықтарын және практикалық дағдыларын дамытады.

Мұндай үйірмелерге қатысатын оқушылар робототехника бойынша түрлі жарыстарға белсене қатысуда. Жуырда ұлттық Aspan Drone Competition турнирінің жеңімпаздары Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады.

Сонымен қатар еліміз бойынша 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ал биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие жаңа мамандық – дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы елге оралды

admin_altyalash

Ұлттық өнеріміздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды

admin_altyalash

Желтоқсаннан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізіледі

admin_altyalash