Астана халықаралық форумы 2025 биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің жалпы отырысынан кейінгі брифинг барысында вице-премьер Серік Жұманғарин хабарлады.
Оның айтуынша, бұған дейін іс-шараны өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінетін. Биыл тиісті қаулының күші жойылды.
Форумды ұйымдастыруға жұмсалатын барлық шығын демеушілік жарнамен жабылады. Оны өткізуге бюджет қаржысы бөлінбейді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.